Ғылым

. .

«Қазақстанның мұнай-газ саласындағы стратегиялық және қолданбалы міндеттерді шешу» мақсатты қаржыландыру бағдарламасы

Қазақстан-Британ техникалық университеті мұнайгаз өнеркәсібі үшін іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын және практикалық қосымшалар үшін қазіргі заманғы технологиялық шешімдерді әзірлеуді жүзеге асыратын Қазақстандағы ең ірі және ең озық білім беру және зерттеу орталығы болып табылады.

Жобаның мақсаты– ел экономикасының геологиялық, техникалық, мұнай-химия салаларының соңғы жетістіктерін тарту арқылы  Қазақстанның мұнай-газ саласындағы стратегиялық және қолданбалы міндеттерін  шешу болып табылады.

Зерттеу әдістері - жұмыстың бірінші кезеңінде стратегиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін заманауи зертханалық және аспаптық әдістердің кең спектрі пайдаланылды.

Негізгі бағыттар бойынша жұмыс нәтижелері:

1. Оңтүстiк Қазақстанның терең құрылымының геологиялық-геофизикалық моделі жасалды және оның мұнай-газ әлеуетiнiң өлшемдерi анықталды;

2. Ұқсас өзгерістердің полимерлік әдісімен модификациялауға арналған полимерлерді таңдау;

3. Бейорганикалық су ерітінділерінің микроқұрылымына электрлік ток параметрлерінің әсерінің өзгеруі анықталды және талданды;

4. Криотехниканы қолдану арқылы әртүрлі  кенорындар мұнайының  құрамы, микроқұрылымы және электрофизикалық сипаттамалары зерттелді;

5. Өтпелі металл кешендеріне әрі қарай үйлестіру үшін эпихлоргидрин негізіндегі жаңа иондарға арналған сұйықтықтарды алынды;

6. Көміртекті наноқұрылымдарды өндіру әдісі әзірленді;

7. МӨЗ материалдарын жылуды дезорбциялауға арналған зерттеу қондырғы құрылды;

8. Стратифицирленген жиынтықтағы классикалық теңсіздіктердің аналогтарын талдау және оларды шекаралық есептерді зерттеуге қолдану жүргізілді;

9. Коррозияға қарсы жабындылар үшін полиуретанды (форполимер) синтездеу жүргізілді.

Жұмыстың жаңалығы Қазақстанның мұнай және мұнай-химия өнеркәсібінің маңызды мәселелерін шешу үшін геология, техникалық және технологиялық қолдау бойынша заманауи деректерді синтездеуді кешенді қолданумен тұжырымдалады.

ҒЗЖ нәтижелерін қолдану саласы  ауқымы еліміздің мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі және оның жеке бөлімдері болып табылады.

Осылайша, геологиялық модельдеуге, мұнай өңдеу саласының технологиялық аспектілеріне, катализаторлық синтездеуге және коррозиялық зерттеулерге арналған зерттеу бағдарламасы әзірленуде.

Жобалар мен даму

Зертханалар

p-n-өткелдер жасауға және иондық-сәулелік тұндыру әдісімен қабыршақтар өсіруге арналған жеңіл және ауыр иондар үдеткіші.
Зертхананың негізгі мақсатының белсенділігі іргелі зерттеулерді жаратылыстану ғылымдары, химиялық технологиялар, мұнай химиясы және металлургия салаларында жүргізілуі болып табылады.
Жаңа перспективалы өнімдерді және даму бағыттарын іздеу. Проблемалық мәселелерді жүйелі зерттеуге негізделген машиналар мен жабдықтар өндірісінің бағыттарын дайындау бойынша ұсыныстар әзірлеу.
«Бір белдеу – бір жол» мемлекеттік бастамасын іске асыру үшін Азия, Еуропа энергетикалық университеттерімен және мұнай компанияларымен серіктестікте ғылым,
 
Киберқауіпсіздік зертханасы 2018 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан-Британ техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен бірге киберқауіпсіздік консорциумы жүйесінде құрылды.
«ҚБТУ» АҚ Салыстырып-тексеру зертханасының негізі 2014 жылы қаланған. 2015 жылдан бастап өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету және

ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

«ҚБТУ Хабаршысы» ғылыми журналы төрт ғылыми-зерттеу бөлімнен тұрады: “Мұнай-газ инженериясы”, “Химия-технологиялық ғылым және экология”, “Физика-математикалық және техникалық ғылымдар”, “Экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар”.

Әр нөмірдің шығарылуы ғалымдардың таусылмас қуаты мен зерттеушілердің көкейкесті мәселені зерделеудегі ғылыми әлеуетінің нәтижесі екенін айта парыз.

Шығарылымда жаңа теориялар мен тәсілдердің дамуына өз ықпалын тигізетін, эмпирикалық тәжірибесі мол отандық зерттеушілердің еңбектері ғана емес, сонымен қатар алыс, жақын шетелдердегі ғылыми мектеп өкілдерінің де зерттеулері жарияланады. Яғни, ғылым мен индустрияның өзара байланысы тоғыса  жүзеге асырылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Төртiншi өнеркәсiптiк революция шарттарындағы дамудың жаңа мүмкiндiгi” атты Жолдауында жастардың ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік-технологиялық ортамен үйлесуінің маңыздылығы туралы айтылған. Осы тұста маған ерекще үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр: өз сөзімді дарынды жастарға арнаймын. Қымбатты студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар, сіздердің зерттеу еңбектеріңізден маңызды ғылыми серпіліс, өзгеше тәсіл және болып жатқан  үдерістерге деген жаңа көзқарас айқын көрінеді.

Сіздерге шабыт, ғылыми жеңiстер және жетiстiктер тілеймін! Біз әрқашан да сіздердің ғылыми ізденіс жұмыстарыңыздың басылып шығарылуына мүмкіндік беруге дайынбыз. 

Ізгі  тілекпен,

Бас редактор

 ҚБТУ Ректоры К.Н. Ибрашев

Толығырақ