Ғылым

Проекты и разработки66666

Жобалар мен даму

ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

«ҚБТУ Хабаршысы» ғылыми журналы төрт ғылыми-зерттеу бөлімнен тұрады: “Мұнай-газ инженериясы”, “Химия-технологиялық ғылым және экология”, “Физика-математикалық және техникалық ғылымдар”, “Экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар”.

Әр нөмірдің шығарылуы ғалымдардың таусылмас қуаты мен зерттеушілердің көкейкесті мәселені зерделеудегі ғылыми әлеуетінің нәтижесі екенін айта парыз.

Шығарылымда жаңа теориялар мен тәсілдердің дамуына өз ықпалын тигізетін, эмпирикалық тәжірибесі мол отандық зерттеушілердің еңбектері ғана емес, сонымен қатар алыс, жақын шетелдердегі ғылыми мектеп өкілдерінің де зерттеулері жарияланады. Яғни, ғылым мен индустрияның өзара байланысы тоғыса  жүзеге асырылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Төртiншi өнеркәсiптiк революция шарттарындағы дамудың жаңа мүмкiндiгi” атты Жолдауында жастардың ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік-технологиялық ортамен үйлесуінің маңыздылығы туралы айтылған. Осы тұста маған ерекще үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр: өз сөзімді дарынды жастарға арнаймын. Қымбатты студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар, сіздердің зерттеу еңбектеріңізден маңызды ғылыми серпіліс, өзгеше тәсіл және болып жатқан  үдерістерге деген жаңа көзқарас айқын көрінеді.

Сіздерге шабыт, ғылыми жеңiстер және жетiстiктер тілеймін! Біз әрқашан да сіздердің ғылыми ізденіс жұмыстарыңыздың басылып шығарылуына мүмкіндік беруге дайынбыз. 

Ізгі  тілекпен,

Бас редактор

 ҚБТУ Ректоры К.Н. Ибрашев

Толығырақ