Жалпы ережелер

 

Тіркеуші кеңсесі (бұдан әрі - ТК) - «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (бұдан әрі - ҚБТУ немесе университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады,  оның миссиясы әрбір студентке жеке көзқараспен ҚБТУ білім беру қызметтерін алға жылжыту болып табылады. ТК қызметінің стратегиялық мақсаты - қазіргі заманғы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауда білім беру сапасын арттыру болып табылады. ТК - ҚБТУ Ректорының бұйрығымен тағайындалатын және қызметінен босатылатын  ТК Жетекшісі басқарады.

Өз қызметінде ТК  мыналарды басшылыққа алады:

- Сапа саласындағы ҚБТУ саясаты мен мақсаттары;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы;

- «ҚБТУ» АҚ Жарғысы;

- «ҚБТУ» АҚ сапа менеджменті және Университет сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) басқа да нормативтік құжаттары;

- ҚБТУ бойынша өкімдер мен бұйрықтар;

- «ҚБТУ» АҚ Кредиттік технология бойынша оқыту ережелері;

- ТК ережесі және ҚБТУ-дың басқа да ішкі құжаттары;

   ТК өз қызметін жылдық  жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

 

Негізгі міндеттері

 

ҚБТУ-да оқу-әдістемелік үдерісті ұйымдастыруда білім беру бөлімдеріне көмек көрсету. Жаңа оқу-әдістемелік инновация бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы оқытушылардың кәсіби-әдістемелік құзыреттілігін дамыту, жоғары мектеп пәндерін оқыту практикасына ғылымды кіріктіру. Жеке тұлғаның толыққанды дамуына көмек көрсету және оны әлеуметтік-психологиялық қолдау, студенттердің кәсіптік маңызды қасиеттерін қалыптастыруға жәрдемдесу. «ҚБТУ» АҚ сапа саласындағы саясаты мен міндеттерін іске асыру.

 

Тіркеуші кеңсесінің қызметтері:

ТК төмендегі қызметтерді орындайды:

 

ТК қызметі бойынша ҚБТУ нормативтік құжаттарының жобаларын дайындайды. ТК қызметі туралы есептерді, хаттарды, қорытындыларды, басқа да ақпараттарды әзірлейді. ТК жыл сайынғы жұмыс жоспары мен қызметі туралы есептерді дайындайды, оларды бекітілген тәртіп бойынша бекітуге ұсынады. Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҚБТУ ішкі құжаттарында көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

 

Студенттерді тіркеу Секторы:

 

Семестр пәндері бойынша тіркеуді және студенттердің сабақ кестесін қалыптастыруды бақылауды жүзеге асырады. Студенттердің жеке оқу жоспарларына қол қоюды бақылауға алады. Университеттегі студенттердің жеке және академиялық деректері туралы ақпаратты дайындайды. Олардың орташа үлгерім балын (GPA) есептеуді бақылайды. «Студенттер» тіркеу деректер қорын басқарады. «Тіркеуші Кеңсесі» автоматтандырылған жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша ҚБТУ АT департаментімен жұмыс жасайды, Uninet ақпараттық-корпоративтік  порталымен жұмыс істеу бойынша  университет қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.  Сессия қорытындысы бойынша емтихан ведомостарын жинайды. ТК емтихан нәтижелерін қорытындылайды, университет бойынша №34 нысанында емтихан қорытындысы туралы есеп құрастырады  және оны ҚР БжҒМ-ға жібереді. Студенттер қозғалысы контингентінің есебін нысандар мен бөлімдер бойынша  жүргізеді.  (1-НК, 3-НК жедел және қорытынды нысандар бойынша) есеп дайындайды және студенттер контингенті туралы тиісті анықтамалық  ақпаратты  ҚР БжҒМ-ға  ұсынады.  Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша бос орындарды есепке алуды жүргізеді. Академиялық қарыздылықты немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты жою үшін жазғы семестр жұмысын  ұйымдастырады.

Студенттердің жеке іс-құжаттарын қабылдауды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асырады. Студенттер контингентінің қозғалысы туралы бұйрықтарды дайындайды. Қатаң есеп беру құжаттарымен (диплом бланкілері, академиялық анықтамалар, дипломға қосымшалар және т.б.) қамтамасыз етеді. Мемлекеттік үлгідегі құжаттардың (диплом бланкілері, академиялық анықтамалар, дипломдарға қосымшалар және т.б.) қабылдаруы, сақталуы және берілуін ұйымдастыруды бақылайды.

 

Академиялық мәселелер бойынша секторы:

 

ҚБТУ білім беру бөлімдерімен бірге оқу-әдістемелік жұмыстарды жоспарлайды. Академиялық күнтізбелерді уақтылы орындауды үйлестіреді және бақылайды. Белгіленген стандарттарға сәйкес оқытушылардың  оқу жүктемесінің жоспарлануын және орындалуын  жүзеге асыруды бақылайды. Университеттің аудиториялық және зертханалық қорының есебін жүргізеді. Аудиториялық қорды оқу сабақтарын, емтихандарды, жұмыс уақытын, студенттердің өзіндік жұмысын жүргізуге бөледі. Тапсырыстар бойынша бос аудиториялық қорды жедел түрде және бір реттік беруді жүзеге асырады. Бакалавриаттың сабақ кестесін дайындайды. Кафедралардың оқу жүктемесінің есебін және профессорлық-оқытушылық құрамына жүктеменің бөлінуінің дұрыстығын тексереді. Кафедра оқу жүктемелерінің нақты орындалуын тексереді. Студенттердің пәндерге тіркелу деректерімен оқу бөлімшелерін таныстырады.  Add/drop  кезінде студенттердің сұрауы бойынша тіркеуге түзетулер жасайды. Бакалавриаттың емтихан кестесін дайындайды.  Аудиторлық қорды мемлекеттік емтихандар өткізу үшін және Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жұмыс жасауы үшін мамандықтар бойынша бөледі.

 

Тіркеуші кеңсесінің өкілеттігі

 

ТК  жүктелген қызметтерді орындау үшін қажетті құжаттар мен материалдарды ҚБТУ құрылымдық бөлімшелерінен сұрату және алу. ҚБТУ басшылығымен келісе отырып, ҚБТУ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін, оған жүктелген міндеттерге сәйкес ТК ұйымдастырған іс-шараларды дайындау мен өткізуге тарту. Университеттің және оның бөлімшелерінің ТК қызметіне қатысты мамандандырылған конференцияларға, семинарларға және кеңестерге қатысу. ҚБТУ бөлімшелерінің оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіру бойынша ҚБТУ басшылығына ұсыныстар жасау. Қажет болған жағдайда семинарларды ұйымдастыруға, ТК құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс топтарын ұйымдастыруға, сондай-ақ университетте ТК қызметі туралы басқа кездесулерге, жұмыс топтарына қатысу. ҚБТУ бейіні бойынша кәсіпорындармен, университеттермен, халықаралық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен белгіленген мақсаттарды тиімді жүзеге асыру үшін кәсіби байланыстар орнату. ТК құзыретіне қатысты басқа да нормативтік құжаттар мен ҚБТУ басқару органдарының шешімдерін жүзеге асыру.

 

Тіркеуші кеңсесінің жауапкершілігі

Тіркеуші кеңсесі осы Ережеде қарастырылған тапсырмаларды және қызметтерді тиісті түрде орындау үшін жауап береді, соның ішінде:

- уақтылы және сапалы орындау;

- берілген өкілеттіктердің дұрыстығы мен толықтығы;

- сапа саласындағы және СМҚ талаптары бойынша міндеттемелерді орындау;

- жүктелген қызметтердің орындалу барысы туралы университеттің басшылығына ескертудің мерзімділігі.

 

Басқа құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесу

Өз қызметі барысында ТК:

өз құзыреті шегінде ҚБТУ-дың басқа құрылымдық бөлімшелерімен, филиалдарымен және серіктестерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

Мүдделі құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, университеттің лауазымды тұлғаларымен ТК қызметі бойынша  дайындалатын нормативтік құжаттардың жобаларын келіседі;

университет басшылығы  келісімі бойынша ҚБТУ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін ТК ұйымдастырған / өткізетін және басқа құрылымдық бөлімшелердің қатысуын талап ететін іс-шараларды жүзеге асыру үшін тартып қатыстырады.

 

Нургалиева Акбота Умирзаковна
ТК Басшысы

Phone +7 (727) 357-42-31 (440)

Email a.nurgalieva@kbtu/kz