«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып жатыр. Оның мәні келесідей:

  1. Тарих, саясаттану, социология, философия, психология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, медиа, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, инновация ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасау.
  2. Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау. 2018-2019 оқу жылынан бастап студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастау.
  3. Осыларды қамтамасыз ету үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылды. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарды бастап кетті.

Осыған орай Қазақcтан - Британ техникалық университетінің Ғылыми кітапханасында сіздер осы жоба бойынша аударалып, баспаға шыққан 47 кітаппен таныса аласыздар.

Ақпарат көзі:  https://100kitap.kz/kz

 

 

ҚБТУ Ғылыми кітапханасы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы бойынша 30 жаңа оқулықпен толықты.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударма аяқталып және 30 жаңа оқулық баспаға дайындалды. Жоба - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Рухани Жағыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының бір бағыты болып табылады.

Жаңа оқулықтар дүниежүзі тарихы, әдебиет теориясы, халықаралық құқық, педагогика, интернет психологиясы, стратегиялық менеджмент, маркетинг, медиа және іскерлік коммуникация, дипломатия және өнер тарихы салаларындағы білімдердің кең спектрін қамтиды.

Жоба әлемдік ғылыми әдебиетті қазақ тілінде оқитын студенттер арасында да, еңбекке қабілетті тұрғындар арасында да оқуды жоғарылатуға бағытталған.

Құрметті ұстаздар, сізден жаңа оқулықтардың білім беру бағдарламаларына енгізілуін және олардың негізінде электронды курстар мен оқу құралдарының құрылуын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

 

 

2018 жылғы 7 қарашада  Қазақстан-Британ техникалық университетіндегі  BG hall -да   Пән-Бастау факультетінің қазақ және орыс тілдері секторы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы шеңберінде  «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы» тақырыбына  дәріс ұйымдастырды.  Дәрісті   әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  философия және саясаттану факультеті  философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор  Нұрышева Гүлжихан Жұмабайқызы өткізді.  Ол  аталған жобаның ғылыми редакторы және аудармашысы болып табылады. Спикер  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  мақсаты мен міндеттері туралы жан-жақты түсінік берді. 

Аталған жобаның мақсаты - тарих, саясаттану, әлеуметтену, философия, психология, мәдениеттену ғылымдары бойынша  студенттердің  толыққанды білім алуына жағдай туғызу болып табылады.

Ғылыми кітапхана қызметкерлері  дәріс тыңдаушыларының  қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтармен  таныса алуы үшін  шағын көрме ұйымдастырды. Студенттер мен оқытушыларда  бұл кітаптармен тезірек танысып, оқып шығуға деген тілек пен  қызығушылық туындады.

Сондай-ақ  бұл көрме Ғылыми кітапхананың  мерзімді басылымдар залында кеңінен  ұйымдастырылған.  Кітаптар оқырмандар  үшін кез келген уақытта қолжетімді.