ҚБТУ Ғылыми кітапханасының пайдаланушылары студенттер, ҚТА кадеттері, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және университет қызметкерлері болып табылады. Оқырмандардың барлық санаттарына кітапханалық және анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету ID-карта (жанаспалы карта) бойынша жүзеге асырылады.

Кітапхана құрылымы:

- Кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу секторы

- Қызмет көрсету секторы (Абонемент, Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залы, Магистранттар және студенттер үйі оқу залы)

- Электронды ресурстар орталығы

- Ақпараттық-кітапхана Орталығы

Кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу секторы (№ 160 кабинет)

Кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу секторы кафедра өтінімдері бойынша кітапхана қорын толықтыруды қамтамасыз етеді, кітапхана қорының кіріс және шығыс оқулықтарының уақытылы есебін жүзеге асырады, қордың қозғалысын бақылайды, оқулықтарды білім саласы бойынша жүйеге келтіреді, жаңа түскен басылымдарды кітапхананың электронды каталогына енгізумен айналысады және жаңа оқулықтарға техникалық өңдеуді жүзеге асырады.

Сектор меңгерушісі: Джарбулова Г.Ж.

 

 

Қызмет көрсету секторы:

  • Абонемент;
  • Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залы;
  • Магистранттар және студенттер үйі оқу залы.

Абонемент (№ 157 кабинет)

Абонементте барлық студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, штаттық оқытушыларды және университет қызметкерлерін қайта тіркеу жүргізіледі. ID-карта оқырмандарға оқулықтарды уақытша қолдануға алуға құқық береді. Қорда компьютерлік ғылымдар, математикалық және компьютерлік модельдеу, теңіз техникасы мен технологиясы, мұнай және газ, геология, химия және химиялық технология, экономика, қаржы және менеджмент салалары бойынша жаңаша отандық және шетелдік оқулықтар ұсынылған.

Сектор меңгерушісі: Құттұбекова Б.Қ.

Бас менеджер: Наурызалиева Қ.К.

Менеджер: Абдрахманова С.К.

 

 

Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залы (№ 158 кабинет)

Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттық технологиялар, мұнай және газ, техникалық және экономикалық ғылымдары бойынша жаңаша оқу, ғылыми және анықтамалық оқулықтар, сыйға берілген топтамалар, университет мамандықтары бойынша халықаралық басылымдар, сонымен қатар ғылыми, ғылыми-техникалық, ғылыми-танымдық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша мерзімді басылымдар мен газеттер ұсынылған. Кітап беру Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залының жұмыс жағдайына байланысты қысқа мерзімге беріледі.

Бас менеджер: Айтжанова К.А.

 

 

Магистранттар және студенттер үйі оқу залы

Магистранттар және студенттер үйі оқу залында оқулықтар, анықтамалар, әдеби кітаптар, саны аз әдебиеттер, сыйға алынған басылымдар, сонымен қатар республикалық газеттер мен журналдар ұсынылған. Оқу залы жатақханада түратын студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушыларға қызмет көрсетеді.

Менеджер: Бөпешбаева К.Б.

 

 

Электронды ресурстар орталығы ( 161, 164 кабинеттер)

Электронды ресурстар орталығы ҚБТУ ҒК кітапханалық технологияларын автоматтандырумен айналысады, пайдаланушыларға қызмет көрсету, оқу, ғылыми және ақпараттық тағайындауларға қолжетімділікті жүзеге асырады, ақпараттық білім, соның ішінде толықмәтіндік деректер қоры, электрондық каталог және т.б. қолжетімділікті ұсынады, ҚБТУ ҒК электронды каталог деректер қорын және кітапхана желісін басқаруды орындайды, кітапхана қорында жоқ және саны аз кітаптарды сканерлеумен айналысады. Электронды ресурстар орталығы залдары LG және Fujitsu құрылғылар базасында "шебер клиент" жүйесімен жабдықталған.

Сектор меңгерушісі: Өтегенова А.М.

Бас менеджер: Сарбаева С.У.

Бас менеджер: Дюсембаева Ж.Б.

Бас менеджер: Ахметова Р.С.

 

 

Ақпараттық-кітапхана Орталығы (ИХН)

Ақпараттық-кітапхана Орталығында пайдаланушылар оқу залымен кітап қорына еркін кіре алады. Электронды ресурстар залында журналдар еркін кіру арқылы қолжетімді. Қорда мұнай және газ, геология, химия және химиялық технология салалары бойынша оқулықтар, ғылыми және анықтамалық әдебиеттер ұсынылған. Электронды ресурстар залы жаңа моноблоктармен, магнитті-маркерлік және интерактивті тақтамен жабдықталған. Сондай-ақ моноблоктар оқу залы мен кітап қорында да қойылған. Ақпараттық-кітапхана Орталығының барлық аумағында Wi-Fi қолжетімді. Ақпараттық-кітапхана Орталығының негізгі басымдылығы сыртқы ақпараттық ресурстармен халықаралық деректер қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету, оқырмандарға үздіксіз және жедел қызмет көрсету болып табылады.

Бас менеджер: Чыныбекова М.Е.