05.12.2017 жылдың 05 желтоқсанындағы  № 130 "Ғылыми кітапханаға қосымша ақылы қызмет ендіру" Бұйрығына сәйкес  Ғылыми кітапхана ақылы қызмет көрсетеді.  Электронды ресурстар орталығында (№ 164 кабинет) және Ақпараттық-кітапхана Орталығында ақылы қызметтер ұсынылады: қағаз шығару, көшірме, сканерлеу және т.б. Ақылы қызметтердің ауқымды тізімімен прейскурант арқылы таныса аласыз. Кітапхана Прейскуранты

            Кітапхана қызметкерлеріне деген  ақкөңілділік пен сыпайылық, кітаптарды ұқыпты ұстау – Ғылыми кітапханаға келудің жайлы болуының бар құпиясы осы. Қош келдіңіз!

Кітаптың қайтарылымын кешіктіру

Оқулықтар, әдістемелік әдебиеттер оқырмандарға/ пайдаланушыларға бағдарламаға сәйкес оқу мерзіміне беріледі. Ескерту: Басқа оқырмандар санатынан сұраныс болмаған жағдайда пайдалану мерзімі ұзартылуы мүмкін. Оқулықтың бір данасын қайтарудың әрбір кешіктірілген күні тәулігіне 100 теңге. 

Ғылыми кітапхананың қосымша ақылы қызметтер енгізуі туралы Бұйрық

Кітапты жоғалтып алған жағдайда не істеймін?

"ҚБТУ" АҚ  Ректорының (Басқарма төрағасы) «Ғылыми кітапхананың қосымша ақылы қызметтер енгізуі туралы» Бұйрығына сәйкес, кітапхана құжатын жоғалтқан кезде немесе техникалық құралдарын бүлдірген  жағдайда  оқырмандар/пайдаланушылар материалдық ресурстың 3 еселік нарықтық құнын ақшалай өтеуге міндетті.   Ғылыми кітапхананың  ақылы қызметтер көрсету туралы Ережесі