ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС

Ғылыми-техникалық кеңес – Қазақстан-Британ техникалық университетінің барлық бөлімшелерінің ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру қызметін үйлестіретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

ҒТК өз қызметінде университет жарғысын, Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы», «Білім туралы», «Инновациялық қызмет туралы» заңдарын, Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарын, Университеттің Ғылыми кеңесі мен Ректордың бұйрықтарын басшылыққа алады.

ҒТК-нің негізгі мақсаты:

ҒТК-нің негізгі мақсаты университетте жүргізілетін зерттеулердің тиімділігін арттыру, үйлестіру және жетілдіру, өндірісте және оқу процесінде алынған нәтижелерді жеделдету болып табылады.

ҒТК-нің  негізгі міндеттері:

  • Техникалық және жаратылыстану ғылымдарының мәселелерін шешу үшін университеттің ғылыми және білім беру құрылымдарында іргелі зерттеулерді үйлестіру.
  • Халық шаруашылығының өзекті міндеттерін шешуде қолданбалы, инновациялық және тәуекелге негізделген зерттеулерді үйлестіру.
  • Зерттеу және білім беру процестерінің байланыстарын нығайту. Кафедраның ғылыми кадрларын даярлауға және ғылыми біліктілігін арттыруға көмектесу.
  • ҚБТУ ғылыми бағыттарының дамуын болжау.
  • ҚБТУ ғылыми бөлімдерінің ұлттық экономика салалары, ҚР БҒМ ғылыми ұйымдары байланыстарын нығайту.