• Зерттеу жобаларын коммерциаландыру және оларды өндіріске енгізу үшін 2014 жылдан бастап университетте технологияларды коммерциаландыру жөніндегі кеңсе қызмет етеді. 2017 жылдың қыркүйегінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру кеңсесі болып атауы ауыстырылды.
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциаландыру кеңсесінің негізгі міндеттері:
  •  «идеядан сатуға дейін» моделіне негізделген ғылыми-техникалық жобаларды коммерциаландыру стратегиясын әзірлеу;
  •  ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру үдерістерін іздестіру, бағалау және ұйымдастыру, нарыққа оңтайлы жолды анықтауға жәрдемдесу: ұйымдағы бизнес-жобаларды, стартап-компанияларды немесе лицензияларды сату;
  • ғылыми-техникалық процестерді әдістемелік, ғылыми-техникалық, сараптамалық, әкімшілік, құқықтық, экономикалық, маркетингтік сүйемелдеу;
  • зияткерлік меншік құқықтарын және зерттеушілердің авторлық құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  • ҚБТУ қызметкерлерін және басқа мүдделі тұлғаларды технологияларды коммерциаландыру әдістерімен, құралдарымен және бағыттарымен таныстыру үшін ғылыми семинарлар өткізу;
  • әлеуетті іскерлік серіктестер, инвесторлар, бизнес-періштелер іздестіру, анықтау және қарым-қатынас орнату мен стартап және басқа компанияларды құру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат құжаттамаларын (сертификаттар, лицензиялар, техникалық шарттар, стандарттар және т.б.)алуға көмек көрсету;
  • коммерцияландыру мәселелері бойынша халықаралық серіктестік байланыстарын дамыту;
  • бизнес-жоспарларға, техникалық ерекшеліктерге, жобаларға, жобалау-технологиялық құжаттамаларға, стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарға ғылыми-техникалық сараптама жүргізу;
  • коммерциаландыру үшін  келешегі бар жобаларды іздестіру және  у инновациялық жобалардың, келешегі бар ғылыми әзірленімдердің   коммерциялық әлеуетін бағалауды жүргізу.