. .

20 қарашада ҚБТУ-да университет басшылығының 3-4 курс студенттерімен кездесуі шеңберінде Денис Тен атындағы шәкіртақыны тапсыру рәсімі өткізілді.

Денис Тен атындағы шәкіртақы бойынша конкурстық іріктеуге 80-нен аса дарынды студенттер қатысты. Қорытындысында олардың үшеуі шәкіртақы иегері атанды. Олар  екінші курс студенттері Лаура Кайбулдина (АТФ, көркем гимнастика бойынша спорт шеберлігіне үміткер) және Анар Искендирова (ГжГБФ, ушу бойынша спорт шеберлігіне үміткер), сондай-ақ  ЭжМИФ бірінші курс студенті, шахматшы Талғат Садықов.

Шәкіртақы  спорт, мәдениет саласында, елжандылық пен жастардың адамгершілік тәрбиесін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген ҚБТУ-дың дарынды студенттеріне арналған.

ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев: «Денис Теннің  ҚБТУ Бизнес мектебіндегі Executive MBA магистранты болғанын және университетіміздің өміріне белсенді атсалысқанын естеріңізге сала кеткім келеді. Спортта қол жеткізген орасан зор жетістіктеріне қарамастан, оған тоқмейілсімей,  өзін алуан түрлі бағыттарда дамытуды жалғастыру арқылы  өз үлгісімен жастарымызды  қанаттандырып отырды. Міне, сондықтан біз ҚБТУ кинозалына Денистің атын беруді, сондай-ақ чемпионымызды мәңгі есте сақтау мен оның ісін жалғастыру үшін «KBTU Endowment» корпоративтік қорының қолдауымен Денис Тен атындағы шәкіртақы жариялауды ұйғардық», -деп атап өтті.

Марапаттау рәсіміне Денистің анасы Оксана Тен қатысты. «ҚБТУ-дың өз күшімен атаулы шәкіртақы тағайындауы және осылайша бізбен бірге Денистің – дарынды жастардың өзін алуан түрлі бағыттарда көрсетуіне қол ұшын беру арманын іске асыруды ұйғаруы – біз үшін күтпеген әрі өте сүйсінерлік жағдай болды. Біз Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізудеміз. Таяуда «Денис Тен мемориалы» атты мәнерлеп сырғанау бойынша алғашқы халықаралық турнир өткіздік. Бұл әлі істің басы ғана», - деп лебіз білдірді Оксана Тен.

Бұдан әрі университет басшылығының студенттермен кездесуінде  студенттік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу бойынша есептік презентациялар жасалды. Студенттерге ҚБТУ өміріндегі өзгерістер туралы, магистратура мен докторантура бағдарламалары туралы, сондай-ақ өзге де көкейлеріндегі барлық сұрақтарын қоюы мен ұсыныстарын білдіруіне мүмкіндік берілді. Барлық көңіл аударуға тұрарлық мәселелер мен талап-тілектер университеттің тиісті құрылымдарына бағытталды.