. .

ҚБТУ-дың Бизнес мектебінде білім алып жүрген студент Айдар Ускембаев Тәжікстанның Душанбе қаласында 5-10 қараша аралығында өткен Еуропадағы  қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Дүниежүзілік ұйым (ОБСЕ) ұйымдастырған Central Asiayouthtalksandmodel OSCE конференциясында  ТМД елдерінен  келген қатысушылар арасында іріктеуден өтті.

Конференцияда Айдар өзінің QazBot (пластикалық бөтелкелерді жинау бойынша заманауи аппарат) эко-жобасын презентация жасады, ҚБТУ-дағы тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ жас ғалымдарды алға жылжытуға және әлем елдері арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға арналған көптеген тренингтерден, шеберлік сыныптарынан және дебаттардан өтті.