. .

13 қарашада ҚБТУ Ғылыми кітапханада “Әбу Наср әл-Фарабиге 1150 жыл” атты кітап көрмесі өтті.

Көрмеге ұлы ғалымның шығармалары жазылған кітаптар қойылды. Сонымен қатар оқырмандар залында тарих ғылымдарының докторы Арман Қабдешұлы Жұмаділов студенттерге Әл-Фараби мұралары жайлы дәріс оқыды. Студенттерге ұлы ойшылдың ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" туындысын оқуға кеңес берді.