. .

13 қарашада Алматыда Ғылымдағы көшбасшы - Web of Science Awards 2019 рәсімі барысында Қазақстанның үздік ғалымдары марапатталды. Марапатқа ие болғандар ішінде – ҚБТУ-дың ғылым және инновация проректоры ­Маратбек Ғабдуллин де бар.

Маратбек Төлебергенұлы «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Оның негізгі зерттеулері нанотехнология, материалтану және плазма физикасы мәселелеріне арналған.

Жыл сайынғы тәуелсіз Ғылымдағы көшбасшы –Web of Science Awards сыйлықақысы ҚР Білім және ғылым министрлігі аясында Clarivate Analytics компаниясы тарапынан өткізіледі. Сыйлықақы Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан көрнекті үлесі үшін  үздік ғылыми жарияланымдар авторларын, ғалымдар мен зерттеу ұйымдарын анықтайды.

Құттықтаймыз!