. .

8 қарашасы күні «Абайтану» пәні аясында ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ҚБТУ студенттері мен Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жастар театры әртістерінің қатысуымен «Кейіпкер келбеті» атты мәдени-танымдық кездесу кеші өтті.

Кешке «Телғара» спектаклінде (авторы - М.Әуезов; режиссері - Ж.Хаджиев)басты рөлдерді сомдаған: Ернат Күншібаев (бала Абай),  Руслан Ахметов  (Құнанбай),  Қуаныш Тұрдалин (Жиренше), Сәния Ерзат (Қамқа) секілді актерлер қатысты.  Кеште, алдымен, студенттерге келген қонақтардың шығармашылық өмірбаяндары таныстырылды. Одан кейін ұлттық дәстүр бойынша қазақ және орыс тілдері секторының ассистент-профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Анар Мейірханқызы ауылдың алты ауызы ретінде Абайдың «Желсіз түнде жарық ай...» әнін айтты.

Келесі кезекте актерлер «Телғара»  қойылымынан үзінділер көрсетті. Одан кейін мәдени шара студенттер мен актерлердің сыр-сұқбастына жалғасты. Әртістердің шығармашылық өнердің түрлі мәселелеріне және бүгінгі өмірге қатысты алуан түрлі сұрақтарға берген тұщымды жауаптары тыңдармандар көңілінен шықты. Сәния ханым мен Қуаныш мырзаның гитарамен айтқан әндерінің әсері ерекше болды. Әрі қарай студенттер мен әртістердің біріккен  тобынаинтеллектуалдық-танымдыққызықты тапсырмалар ұсынылды. Топтар Абайдың шығармашылық тұлғасы мен мұраларына байланысты тапсырмаларды сәтті орындады. Ойын жеңімпаздары марапатталды.

Кеш соңында осы шараны ұйымдастыруға айрықша атсалысқан театрдың көрерменге  қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Гүлзия Есенжанова студенттерге қазіргі жастардың рухани мәдениеті мен мәселелері жайлы тағылымды ой айтты.

«Абайтану» пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, ҚБТУ профессоры Жанат Дәулетбекова келген қонақтарға алғысын білідіріп, сый-сияпат жасады.