. .

8 қарашада «АтырауХаб» хакатон финалы болып өтті, онда ҚБТУ командасы 3-орынды жеңіп алды.

Конкурсқа 112 өтінім берілді, оның 10-ы таңдалып алынды, оның ішінде ҚБТУ-дың 2 командасы бар, олар:

- Smart Oil Well.kz командасы (Санжар, Лаура);

- Aman-S командасы (Аружан, Нұрлыхан, Кямран).

Конкурс қорытындысында Aman-S командасы 3-орынға шығып, $1500 жүлдесін иеленді.

Аружан былай деп баяндайды: «Біз, Aman-S командасы, бірінші курс болсақ та, ApecPetrotechnic-те өткен «АтырауХаб» хакатонға қатыстық. Жалпы 10 стартап қатысты, олардың ішінде  біз ғана бакалаврит студенттері болдық, қалғандары магистранттар немесе мамандар. Біздің жобамыз өндірістегі қауіпсіздік техникасын автоматтандыру және сандық жүйеге көшіруді көздейді. Біз мобильдік қосымша мен вебсайт ұсынып, 1500$ -ға 3-орынды жеңіп алдық. Қазір жобамызды енгізу мен оны жеделдету туралы келіссөздер жүріп жатыр».

Топ жарған студенттерімізді құттықтаймыз!