. .

Қазақстан-Британ техникалық университетінің FEOGI командасы Kazenergy Ассоциациясы мен «Шелл Казахстан» компаниясы ұйымдастырған Student Energy Challenge интеллектуалдық конкурсында екінші орынға ие болды.

Student Energy Challenge инновациялық иедеялар конкурсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауы аясында Kazenergy Ассоциациясы өткізіп отырған еліміздің мұнайгаз секторындағы басты оқиғалардың бірі – Kazakhstan Energy Week 2019 бөлігі болып табылатын Kazenergy «Жастар және уақыт талабы» XI Жастар форумы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында болып өтті. Student Energy Challenge конкурсының мақсаты – қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері әзірлеген энергетикалық тақырыптағы мейлінше келешегі зор және жарқын жобаларға қолдау көрсету болып табылады. Конкурстың жүлделік қоры 5 млн. теңгені құрайды.

Биыл төрт тақырыптық бағыт таңдалды: қоршаған ортаға шығатын қалдықтарды азайту, қалдықтарды жою және қайта өңдеу, мұнайгаз саласындағы энергияны үнемдеу және  энергия тиімділігі. Биыл конкурсқа қатысуға өтінім берушілер саны рекордтық көрсеткішті құрап, барлығы – 70 команда қатысты. 23 қыркүйектегі өткен жартылай финалға олардың 23-і ғана  ілікті. Олардың ішінде ҚБТУ-дың үш командасы – FEOGI, Fam және Dream Team бар.

Жобаларды қорғау мен әділқазылар талқылауының қорытындылары бойынша 24 қыркүйектегі финалға шығу үшін келесі командалар анықталды:

  • Innovation WKATU, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық  университеті (Орал қ.);
  • WindofChange, Назарбаев Университеті (Нұр-Сұлтан қ.);
  • FEOGI, Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қ.).

Student Energy Challenge финалында команда өкілдеріне өз жобасын elevator pitch ықшам форматында баяндау талап етілді. Конкурс қорытындысы бойынша Энергетика және мұнайгаз индустриясы факультетінің 2-оқу жылы студенттерінен құралған FEOGI командасы «Тарақандар фермасы» жобасымен 2-орын алып, 5 мың доллар мөлшеріндегі жүлдеге ие болды. Студенттерімізді жеңісімен қуана құттықтаймыз!

Сондай-ақ, «Жастар және уақыт талабы» форумының 24 қыркүйектегі панельдік сессиясында ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев facetoface форматында сөз алды. Форумның  пкірталастық күн тәртібінде сарапшылар мен қатысушылар «сапалы білім беру деген не, білім беру қызметінің нарығы біліктілікке ие болудың қандай форматтарын ұсынады, сандық технологиялар  ғасырында тұлға өсуі мен дамуы үшін қандай дағдылар мейлінше маңызды, орасан зор мәлімет, жаңа технологиялар мен ақпараттық серпіліс әлемінде өзіңді қалай танытуға болады?» деген сұрақтар төңірегінде  пікір алмасты.