. .

23 қыркүйекте Қазақстан-Британ техникалық университетіне РҒА СО Соболев атындағы Математика институтының аға ғылыми қызметкері Николай Баженов ҚБТУ Математика және кибернетика ғылыми білім беру орталығының (МжК ҒБО) оқытушы-ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін келді.

Екі апталық сапар шеңберінде ғылыми семинарлар, математикамен қызыға шұғылданатын студенттерге арналған қонақтық дәрістер, сондай-ақ МжК ҒБО-ның профессоры Серікжан Бадаевтың басшылығы аясындағы жоба шеңберінде көптеген ғылыми сұхбаттар өткізілетін болады.

Николай Баженов РҒА СО Соболев атындағы Математика институтының директоры, ф.-м.ғ.д., РҒА академигі Сергей Гончаровтың көрнекті шәкірттерінің бірі екенін атап өткен жөн. Николай Алексеевичтің ғылыми бағыты – математикалық логика, алгебра және сандар теориясы, соның ішінде есептелетін құрылымдар теориясы.

Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Соболев атындағы Математика институты арасында ынтымақтастық әрі қарай нығая түседі деп күтіледі.