. .

14 қыркүйекте қос дипломды бағдарлама шеңберінде ҚБТУ Халықаралық экономика мектебінің (ХЭМ) түлектеріне Лондон экономика мектебі (LSE) дипломдарын тапсыру рәсімі болып өтті. Рәсімнің құрметті қонақтарының бірі – Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майкл Гиффорд мырза болды.

Сондай-ақ ҚБТУ-дың London Room-ында өткен диплом беру рәсіміне ХЭМ деканы Гевин Кретчмар, ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев, ҚБТУ проректорлары Гүлзада Шакуликова мен Маратбек Габдуллин, ҚБТУ Директорлар кеңесінің мүшесі Чингиз Канапьянов және Каспий өңіріндегі Deloitte компаниясының басқарушы серіктесі Марк Смит қатысты.

Халықаралық экономика мектебінің 35 түлегіне Лондон Университетінің (UOL) құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылатын LSE дипломдары тапсырылды. Олардың 19-ы «Математика және Экономика» мамандығы, 7-еуі «Экономика» мамандығы бойынша, 8-і «Экономика және Қаржы» және 1-еуі «Банкинг және Қаржы» мамандығы бойынша дипломға ие болды.

ХЭМ 1-курс студенттеріне емтихандарды табысты тапсырған үшін  АdvancedPlacement(AP) сертификаттары берілді. Сондай-ақ 1, 2 және 3-курс студенттеріне  жоғары үлгерім көрсеткіштері үшін UOLTopstudent сертификаттары ұсынылды.

Өткен оқу жылы ҚБТУ Халықаралық экономика мектебінің студенттері үшін айрықша жетістікке толы жыл болды. ХЭМ студенттері оқу ісінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізді: бір жыл бұрынғы АР емтихандарындағы 45%-бен салыстырғанда сынақ  82%-ға және UOL емтихандарындағы алдыңғы жылғы 50%-бен салыстырғанда нәтиже 85%-ға көтерілді, сондай-ақ Орта Азияда өткен CFA Institute Research Challenge конкурсында жеңіске қол жеткізіліп, Цюрих-тағы әлемдік жартылай финалға қатысуға жол ашылды.

Қазақстан-Британ техникалық университеті мәртебелі Лондон экономика мектебінің үлестес Қазақстандағы бірегей  жоғары оқу орны болып табылады.

Жоғары білікті экономистер мен мен қаржыгерлердің жаңа ұрпағын диплом алуларымен құттықтаймыз!