. .

16 қыркүйекте  Қазақстан-Британ техникалық университетіне Petronas  технологиялар университетінің (Малайзия) делегациясы  ресми сапармен келді.

Petronas  технологиялар университеті (Universiti Teknologi Petronas, UTP)  академиялық мәселелер жөніндегі проректорының орынбасары, профессор  Hilmi B. Mukhtar  бастаған өкілдері  ҚБТУ басшылығымен кездесті. Университет ректоры Кенжебек Ибрашев UTP-пен ынтымақтаса жұмыс істеуге мүдделі екенін білдірді.

Қонақтар ҚБТУ қызметі және жетістіктерімен танысты, Қазақстан теңіз академиясының симуляторларын, Emerson және Siemens зертханасын, Нанотехнологиялар және Перспективалық материалдар мен технологиялар  зертханасын, сондай-ақ еншілес А.Б. Бектұров атындағы  Химия ғылымдары институты және Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электр химиясы институттарын аралап көрді.

Universiti Teknologi Petronas 1997 жылы негізі қаланған Малайзияның үздік жеке университеттерінің бірі. UTP салалық инженерлік және ғылыми-техникалық бакалавриат бағдарламалары және магистратура мен аспирантураның АТ бағдарламаларының алуан түрлерін ұсынады. Университет кең ауқымдағы  ғылыми-зерттеу қызметін жүргізеді. UTP осы кезге дейін 10000-нан аса маман түлеткен және қазіргі кезде 66-ға жуық елден 6000 студент пен 1200 аспирантқа білім беруде.

Petronas – 20-дан аса елде шикізат өндіруді жүргізетін малайзиялық мемлекеттік мұнайгаз компаниясы.