. .

ҚБТУ-да 25 тамызға дейін жаңа бағыт Health informatics ("Медициналық ақпарат") бойынша  ақылы бөлімге құжаттар қабылдау ашылады.

Ақпараттық технологиялар факультеті. ҰБТ-ның бейіндік пәндері - химия және биология.

ҚБТУ-дың АЖ, ЕТжБЖ мамандығы бойынша АТФ түлектері "Медициналық ақпарат" бағыты бойынша ауруханаларда қызметкерлерге техникалық қолдау көрсету, ауруханалар қауіпсіздігін бақылау және ем-шаралар мен ережелер әзірлеуге көмек көрсету бойынша жұмыс істей алады. Сондай-ақ олар  мемлекеттік органдар мен фармацевтикалық компанияларда талдау қызметтерін атқара алады.

Аталған бағыт бойынша түлектерге медициналық қолданысқа арналған құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамалар әзірлейтін компаниялар, сондай-ақ сақтандыру компаниялары тарапынан да қызығушылық туады.

 

"Медициналық ақпарат" бағыты бойынша студенттер келесідей дағдылар мен сараптамаларға ие болады:

• медициналық және фармацевтикалық мекемелер үшін  шешім қабылдау мен іс-қимылды жеңілдетуге арналған мәліметтер талдау;

• емделуші денсаулығын жақсартуға арналған  мәліметтер негізінде шешімдер әзірлеу;

• денсаулық сақтау жүйесіндегі өзге де бөлімдермен ынтымақтастық орнату;

• емделушілерге күтім жасау мен процестер тиімділігін, мәліметтерді өлшеуге арналған аспаптарды әзірлеу және енгізу;

• бөлімдер арасындағы коммуникациялық, нормативтік және АТ-талаптарды жеңілдету.

 

ҚБТУ қабылдау комиссиясы: +7 (727) 357 42 51