. .

17 қарашада Қазақстан-Британ техникалық университеті Түлектер қауымдастығының онлайн-кездесуі өтті.

ҚБТУ басшылығымен, декандарымен, оқытушыларымен және студенттік активімен кездесуге 2006-2018 жылдар аралығындағы университеттің 130 түлегі қатысты. Олардың барлығы ортақ идея – ҚБТУ-дың бірінші шығарылымының 15 жылдығына орай KBTU ALUMNI қауымдастығын құру төңірегінде талқылау өткізді.

Кездесу барысында ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев құттықтау сөз сөйледі. Түлектермен соңғы жылдардағы университет қызметінің нәтижелерімен, 2020-2021 оқу жылына арналған даму стратегиясымен, жоспарларымен және міндеттерімен бөлісті. Одан бөлек, ҚБТУ студенттерінің startup жобаларын коммерцияландыру мәселесі қозғалды.

Кездесу аясында KBTU ALUMNI қауымдастығының құрылымы мен алдағы жұмыс жоспары бойынша сөз қозғалды, Қауымдастық кеңесінің құрамы бекітілді, ал оның президенті болып «QazTech Ventures» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары және энергетика және мұнай-газ индустриясы факультетінің 2008 жылғы түлегі Медет Дүйсембаев сайланды.