. .

Қазақстан-Британ техникалық университеті Британдық Кеңестің Creative Spark бағдарламасы шеңберінде Ұлыбританияның Рединг университетімен табысты ынтымақтастықты жалғастыруда. Жақында KBTU Pitch Competition және IDEAFest байқауларының қорытындысы шығарылды.

KBTU Pitch Competition және IDEAFest үздік студенттік стартаптардың питч халықаралық конкурсына 12 қазақстандық команда қатысты. Финалға Қазақстан-Британ техникалық университетінің және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үш командасы шықты.

Нәтижесінде ҚБТУ Ақпараттық технологиялар факультетінің (АТФ) 3 курс студенттерінен құралған SYS командасы ҚБТУ АТФ оқытушысы, профессор Әсел Ақжалованың жетекшілігімен Social Impact Kazakhstan санатындағы Share your skills жобасымен жеңіске жетті. Осы күзде SYS командасы Ұлыбритания кәсіпкерлерінен тәлімгерлік қолдау алуды жалғастырды. 2000 фунт стерлинг көлеміндегі негізгі ақшалай сыйлықты More than music қазақ ұлттық музыкасын ілгерілету жобасымен ҚБТУ Бизнес мектебінің оқытушысы Бақыт Тасыбаевтың жетекшілігімен консерваторияның студенті Міртебе Әбділда жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы ҚБТУ, Рединг университеті және Құрманғазы консерваториясы Creative Spark бағдарламасы аясында грант жеңіп алды.

Creative Spark – Британ Кеңесінің қолдауымен жоғары оқу орындарына арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бағдарлама. Бұл 5 жылдық бастама әр түрлі елдердің университеттері арасындағы серіктестікке бағытталған. Бағдарламаның мақсаты - Біріккен Корольдіктің қолдауымен Қазақстанды қоса алғанда, жеті елде кәсіпкерлік дағдыларды және экономиканың креативті секторын дамыту.