. .

Құрметті достар, Қазақстан-Британ техникалық университеті сіздерді ағылшын тілі курстарынан өтуге шақырады.

Сіз келесі курстарды таңдай аласыз:

1. Welcome to English for Career Development.

Бұл курс ілеспе хатты, түйіндемені сауатты құрастыру үшін жазбаша ағылшын тілінің дағдыларын үйренуге, сұхбат барысында сөйлесу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2. English for Business and Entrepreneurship.

Курс презентациялар мен бизнес-жоспарлар жасау үшін іскерлік ағылшын тілі дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.

3. Business English: Marketing and Sales.

Маркетинг және сату саласында жұмыс істейтіндер үшін курс ауызша және жазбаша ағылшын тілін жақсартуға, сонымен қатар ағылшын тілінде сөйлейтін орта арасында клиенттер шеңберін кеңейтуге көмектеседі.

4. Business English (Networking).

Курстың мақсаты - іскерлік контактілермен жеке, телефон және электрондық пошта арқылы кәсіби қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру.

5. Business English (Meetings).

Бұл курстың мақсаты - кездесу мен телеконференцияларға тиімді қатысуға мүмкіндік беру, сондай-ақ кездесу нәтижелері бойынша ұсыныстар жазуға дайындау.

6. Business English (Writing).

Курс сіздің іскерлік ағылшын тілінде жазу дағдыларыңызды жетілдіруге бағытталған.

7. Business English.

Бұл курс сіздің сөздік қорыңыз бен оқу дағдыларыңызды, сондай-ақ қарым-қатынас әдістерін игеру, іскерлік ағылшын тілінің стилін дұрыс қолдануды жетілдіруге бағытталған.

• Оқу форматы: онлайн.

• Курстың ұзақтығы: 3 ай, аптасына 3 рет 60 минуттан.

• 1 тыңдаушыны оқыту құны (10 адамнан кем емес топты жинаған кезде):

- тіл тасымалдаушысымен-50 000 теңге,

- жергілікті оқытушымен-35 000 теңге.

 Оқыту жүргізілуі мүмкін:

- корпоративтік форматта,

- ашық форматта,

- кіші топта,

- жеке.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға курсты аяқтағаны туралы "ҚБТУ" АҚ сертификаты беріледі.

Оқыту қашықтықтан, TEAMS платформасын және басқа да байланыс құралдарын пайдалана отырып, вебинарлар форматында жүргізіледі.

Барлық сұрақтар бойынша Анастасия Тигайға хабарласуыңызды сұраймыз: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., +7 701 2171262.