. .

Яндекс.Лицей өнеркәсіптік бағдарламалау курстарына 8-9 сынып оқушыларын конкурстық іріктеу 10 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Қатысушыларға бағдарламалауды белгілі бір деңгейде біліп келу міндетті емес. Оқыту тегін.

Python тілінде бағдарламалау сабақтары аптасына екі рет Яндекс таңдаған ҚБТУ тәжірибелі оқытушыларымен онлайн режімде өтеді. Сабақтар мектеп сабақтарымен уақыт бойынша қиылыспайды. Бірінші курста оқу қазаннан сәуірге дейін, екіншісінде – қыркүйектен сәуірге дейін созылады. Толық курс 2 жылға созылады.

Яндекс.Лицей – бұл бағдарламалауды үйренгісі келетін 8-9 сынып оқушыларына арналған Яндекс компаниясының кең ауқымды білім беру жобасы. Сабақтар Ресей мен Қазақстанның 160-тан астам қалаларында өтеді. Жоба студенттерге бағдарламалау саласында жүйелі білім алуға және бағдарламашы мамандығымен танысуға мүмкіндік береді. Оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін студенттер кіші әзірлеуші немесе тағылымдамадан өтуші ретінде жұмыс істеуге жеткілікті дағдыларға ие болады. Яндекс.Лицейдің бағдарламасы түлектері әлемнің үздік IT – компанияларында жұмыс істейтін Яндекстің білім беру ұйымы – Деректерді талдау мектебінде (ДТМ) әзірленген.

Компьютерлік мамандықтар бойынша халықаралық мойындалған беделді ABET аккредитациясы бар (техника және технологиялар саласындағы аккредиттеу жөніндегі кеңес, АҚШ) АТ-мамандарын даярлау бойынша жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Қазақстан-Британ техникалық университеті Яндекс.Лицей жобасының серіктесі болып табылады.

Сілтеме бойынша тіркелу: https://yandexlyceum.ru