. .

(жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен, тел.: 8 7172 794975, www.kazenergy.com)

 

Конкурсқа қатысуға жіберу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу ү. ж. 10 шілдеден 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Электронды өтінімді жоғарыда көрсетілген мерзімде grant.kazenergy.com сайтында толтыру қажет.
Кандидаттардың құжаттары құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде қаралады.

 

 

 

 

Конкурсқа қатысу шарттары*:


1) Қазақстан Республикасының азаматтығы.
2) Оқу орнына шартсыз қабылдау немесе білім алу (білім алушының қаржылық берешегі болмаған жағдайда).
3) Білім алушының үлгерімнің келесі көрсеткіштерге сәйкестігі:

- жалпы орта білім аттестатының орташа балы ҚР БҒМ белгілеген ең жоғары мәннен 80% кем емес және (немесе) ҰБТ/КТ сертификатының сәйкестігі ҚР БҒМ белгілеген ең жоғары
мәннен 60 % кем емес.
- бакалавриаттың 1 (бірінші) курсына түскен тұлғалар үшін диплом бойынша үміткердің үлгерімінің орташа балы кемінде 4,0 (5,0-ден) кем емес,
- бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,0 (В);
- бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курстарын аяқтаған үміткерлер үшін GPA кемінде 3,33 (В+)**;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кез келген курсында оқитын үміткерлер үшін GPA кемінде 3,33 (В+)**


Қажетті құжаттар тізімі:


1) Белгіленген үлгідегі өтініш (https://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/138/1044/).
2) Жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген жеке куәліктің / туу туралы куәліктің / паспорттың көшірмесі (ЖСН).
3) Алдыңғы алған білімін және үлгерім балын (жалпы орта білім аттестатының не ҰБТ/КТ сертификатының не дипломының) растайтын құжаттың көшірмесі –– 1 (бірінші) курсқа
түсушілер үшін және білім алушылар үшін – алдыңғы оқу жылындағы GРА көрсетілген транскрипт (білімді бағалаудың өзге жүйесі жағдайында оқу бөлімімен расталған үлгерімі
туралы анықтаманы ұсыну, бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтағандар үшін GРА кемінде 3,0 (B); бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курстарын аяқтаған үміткерлер үшін GPA
кемінде 3,33 (В+), сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кез келген курсында оқитын үміткерлер үшін GPA кемінде 3,33 (В+)).
4) Мекенжай анықтамасы.
5) Отбасы құрамы туралы анықтама (тек көп балалы отбасылар үшін).
6) Көрсетілген санаттардың біреуін (немесе бірнешеуін), егер осы топқа жататын болса , құжаттамалық растау: аз қамтылған және (немесе) толық емес отбасы, жетім, мүгедек.
7) Оқуға қабылдау туралы/оқу туралы анықтама (Заңды тұлғалардың 1 (бір) оқу жылы үшін оқу құнын, оқу курсын және нысанын төлеу үшін, қаржылық қарызының жоқтығын көрсете
отырып) (ресми бланкіде немесе оқу орнының мөрімен расталған).
8) Конкурстарға, олимпиадаларға және т. б. қатысқанын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса).
9) Мотивациялық хат (эссе) 2 бетте (4000 белгіден кем емес) (шетелде "магистр" дәрежесін алу конкурсына қатысушылар үшін ғана).
10) Кандидат (оның ішінде ғылыми жетекші) туралы пікірді білдіретін мемлекеттік/орыс/ағылшын тілдерінде 2 дана ұсыным хаттар (тек шетелде "магистр" дәрежесін алу конкурсына
қатысушылар үшін).