. .

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

"ҚБТУ" АҚ Қабылдау комиссиясы сіздерге мемлекеттік жалпы білім гранттарына өтінім тапсырудағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Енді Сізге 1 өтінімде 4 таңдауды көрсете отырып (оның ішінде өзге ЖОО таңдауға да болады) өтінім беру қажет.

www.kbtu.kz сайтындағы "Online оқуға түсу" батырмасын басу арқылы ҚБТУ-ға оқуға түсуге өтінім бере аласыз.

Өз өтініміңіз туралы біздің www.kbtu.kz сайтындағы виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы нақтылауға болады.

Сіздің максималды 4 таңдауыңыз бар: ҚБТУ-дың және/немесе өзге ЖОО 1-ден 4-ке дейін түрлі білім беру бағдарламаларын көрсете аласыз.

Жалпы конкурстың бірдей білім бағдарламалары топтарын қайталамаған дұрыс.

Ескерту: бір білім бағдарламасы тобын ҚБТУ-дан және тағы бір рет басқа ЖОО-дан таңдауға болады!

Таңдауыңызды жасап, 2020 жылғы 30 шілдеге дейін өтінім беруіңізді сұраймыз. Сәттілік!