. .

30 маусымда Қазақстан-Британ техникалық университеті түлектеріне диплом табыстау онлайн рәсімі өтті.

Жас мамандарды аталған мерейлі оқиғамен құттықтаймыз. Осы сәттен бастап өміріңіздің жаңа кезеңі басталды. Сіздің еңбек нарығындағы жоғары бәсекеге қабілеттілігіңіз – ҚБТУ-да алған біліміңіз болмақ.

 «Университет үшін кезекті дипломды мамандардың, бакалаврлардың, магистрлердің университеттен түлеп ұшуы – әр оқу жылының басты оқиғасы; ал сіз үшін – дамудың бір кезеңі,- деп атап өтті ректор Кенжебек Ибрашев. – Бұл атаулы күннің артында сіздердің көпжылғы еңбектеріңіз бен кәсіби білім-дағдыларды игеруге деген құлшынысыңыз, оқытушы профессорлардың тәжірибесі мен шеберлігі, оқу үрдісін қамтамасыз ететін университет қызметтерінің зор үлесі тұр. Дәл осы бәрімізге ортақ жігер, ортақ жетістіктер мен талпыныс бүгінгі атаулы мерекенің мән-мағыналығы мен құндылығын анықтайды. Және де мен сіздің alma mater-мен ортақтық сезіміңіз әрқашан жүрегіңізден орын алады деп сенемін.

Бүгін біз сіздермен бірге университет өмірінің тағы бір парағын жауып, зор үмітпен болашаққа бет аламыз. Сіздерге ҚБТУ-дың  өткен жылдардағы түлектерінің жолын жалғап, одан да үлкен белестерді бағындыру қажет.

Бүгін сіздердің алдарыңызда жаңа өмірлік мүмкіндіктер ашылуда. Мен әрбіреуіңізден кәсібилік пен жауапкершілікті күтемін. Сіздің білім алуыңыз диплом алумен аяқталмайды. Ол өмір бойы жалғасатын болады. Ең басты өмірлік ақиқаттар мен құндылықтарға оқуды аяқтаған соң қол жеткізесіз. 4 жыл оқуыңыз барысында сіз мақсатқа жетуді үйрендіңіз. Бірақ кәсіп пен еңбек өмірлік сүйікті ісіңізге айналмаса, оқыған біліміңіз тез ұмытылуы ғажап емес. Тек нағыз өз ісінің шебері ғана біліп қана қоймай, білімін нақты іске жүзеге асыра алады. Әр түлектің дәл осындай кәсіби маман болатынына  сенемін».

Және де ҚБТУ түлектерін Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Ыдырысов, университеттің серіктестері -  «ҚазМұнайгаз», «Eni», «KazPetroDrilling», «Honeywell» құттықтады.

Ақ жол, түлек-2020!