. .

1 маусым- Балаларды қорғау күнінде оқытушы Тураев Тимурдың жетекшілігімен ҚБТУ студенттері алматылық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап барған болатын.

Қонақтар балаларға түрлі конкурстар мен викториналар өткізіп, сыйлықтар табыстады. Ал балалар өз кезегінде жиналғандарды ән мен биден тұратын бағдарламаларымен қуантты.