. .

7 ақпанында ҚБТУ Ғылыми кітапханада "Ақпаратты іздеу, IEEE –де жарияланудың ерекшеліктері мен IEEE Xplore платформасындағы қосымша мүмкіндіктер" тақырыбында семинар өтті.

Семинарды IEEE – дың Қазақстан Республикасындағы өкілі , "NextDay Solutions" компания директоры Мурат Жармухаметов мырза өткізді.

IEEE Xplore сандық кітапханасы – инженерлі-техникалық пәндерге арналған, әлемнің заманауи ғылыми әдебиетінің осы бағыт бойынша үштен бірін құрайтын ірі ғылыми ресурс. IEEE Xplore кітапханасы өз пайдаланушыларына 5 миллионнан астам құжаттардан туратын бағалы зерттеу материалдарын, мақалаларын, техникалық стандарттар мен IEEE жылдық конференцияларының нәтижелерін  іздеп табуға мүмкіншілік береді.

Семинарға қатысушылар зерттеулеріне максималды қайтарым мен пайда әкелу үшін   платформаның озық инструменттері мен атқарымдарын калай тиімді қолдану керектігімен танысты.