. .

7 ақпанда Қазақстан-Британ техникалық университетінде Бизнес мектебінің кезекті магистрант түлектерін ұшырудың салтанатты рәсімі болып өтті.

Master in Financial Analysis, Master in Supply Chain and Project Management, MBA in Oil and Gas магистрлік бағдарламалары түлектеріне ACBSP аккредиттелген дипломдар тапсырылды.

Бизнес мектебінің Master in Financial Analysis бағдарламасы CFA  институтынан  аккредиттелгендіктен оның студенттері CFA емтихандарын тапсыруға  гранттар иеленеді.

ҚБТУ Бизнес мектебі туралы толығырақ: www.kbtu.kz/ru/faculties/school-of-business сайтында.