. .

Қымбатты студенттер!

Сіздерге   ҚР БжҒМ 2020-2021 оқу жылына академиялық ұтқырлық бойынша конкурс жариялағанын хабарлаймыз. ҚБТУ-ға 16 квоталық орын (4 орын – Еуропа жоо, 11 орын – Оңтүстік-Шығыс Азия, 1 орын - АҚШ) бөлінді. Қаржыландыру ұшу ақысын, виза жинағын, сақтандыруды және есеп беру талап етілетін ҚР БжҒМ белгілеген нормалар шеңберіндегі тұрғын үйді жабады.

Іріктеу процесі:

  • Негізгі іріктеуді ҚР БжҒМ жүргізеді, университет тек қана құжаттаржы жинау мен жіберуді жүзеге асырады
  • Аталған бағдарлама бойынша шетелдік жоода оқуға тәртіптік сөгістері, қаржылық және академиялық қарыздары жоқ 1 және 2- курс БАКАЛАВРИАТ студенттері жіберілетін болады

Қажетті құжаттар:

  1. ҚР азаматы төлқұжатының көшірмесі
  2. Білім жөніндегі құжаттар: университет мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт (GPA 3.5 балл)
  3. Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат:

- шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат, болуы барысында (IELTS/TOEFL В2 деңгейінен төмен емес)

- шетелдік жооныңшетел тілін білу дейгейіне ие студентті қабылдауға келісімі туралы хаты

- ҚБТУ тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес)

  1. Кәмелет жасына толмағандар үшін ата-аналар/қамқоршылар/заңды өкілдердің жазбаша келісімі
  2. Көп балалы отбасын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат
  3. Студентің мүгедектігін растайтын құжат
  4. Студенттің ата-анасы жоқтығын (жетім) растайтын құжат

Барлық құжаттар пакетін қағаз түрінде 2 данада 2020 жылғы 17 ақпанға дейінгі мерзімде   Халықаралық ынтымақтастық департаментіне (427 каб.) әкелу қажет, күн сайын сағат 10:30-дан 12:30-ға дейін.

Сондай-ақ https://forms.gle/kMcaP4N8iZHjQo2DA сілтемесі бойынша онлайн тіркеуден өту қажет.

Толық емес пакетер қабылданбайды!