. .

 

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!

 

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚБТУ – да 2020-2021 оқу жылының күзгі семестрінде оқуды қашықтықтан өткізу жоспарлануда.

Сабақтар Microsoft Teams 365 платформасында дәрістер, практикалық және зертханалық сабақтар форматында бекітілген кестеге сәйкес толық көлемде өтеді.

Білім алушының live stream режіміндегі сабақтарға қатысуы үшін техникалық жабдықтары болуы тиіс, атап айтқанда - жұмыс істейтін камерасы, микрофоны және құлаққаптары бар және интернет арнасына жоғары жылдамдықта қосылған компьютер немесе ноутбук.

Интернетке қосылуда проблемалары бар, сондай-ақ онлайн режімде оқу үшін өзге жағдайлар болмаған білім алушылардың шектеулі санына ҚБТУ жатақханасында (магистранттар мен студенттер үйі) тұру мүмкіндігін беру жоспарлануда.

Білім алушылар техникалық талаптарға (pdf) сәйкестікпен алдын ала танысып, техникалық жабдыққа және интернет байланысқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.

Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай жақсарған және санитарлық шектеулер жеңілдеген жағдайда, барлық білім алушылар оқу форматындағы өзгерістер туралы қосымша хабардар етіледі.

ҚБТУ-дағы Кредиттік оқыту технологиясына сәйкес, онлайн оқыту кезінде сабақтың барлық түрлеріне міндетті түрде қатысу керек.