Магистратураға құжат қабылдау тәртібі

 

 

ҚБТУ магистратурасына оқуға түстетін  тұлғалар келесі құжаттар тапсырады:

 

Құжаттар тізбесі

1

ұйым басшысының атына өтініш;

2

жоғары білімі туралы құжат көшірмесі;

3

жеке тұлғаны куәландырушы құжат көшірмесі;

4

кадрлық есепке алу жеке іс-парағы және  еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтіліне ие тұлғалар үшін);

5

түйіндеме

6

3x4 см мөлшеріндегі алты фотосурет;

7

086-У формасындағы медициналық анықтама, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндеті атқарушының  2010 жылғы 23 қарашадағы  № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының  бастапқы медициналық құжаттамаларының формаларын бекіту жөніндегі"   (№ 6697 аясындағы  мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу  тізілімінде тіркелген) бұйрығымен  (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген;

8

бағдарламалар бойынша  кешенді тесті тапсыру туралы сертификат көшірмесі (олардың болуы жағдайында).

9

ұсыным хат (жұмыс беруші және/немесе жоғары білім алған орнынан қол қойылған)

10

уәждемелік хат

 

     Осы тармақта  көрсетілген  құжаттардың көшірмелерімен бірге  салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары да ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

 

ҚБТУ магистратурасына қабылдау шарттары

     ҚБТУ магистратурасына  Жоғары оқу орнында білім алғаны туралы дипломға ие  тұлғалар қабылданады. Шетелдік білім беру  ұйымдарынан берілген  білім жөніндегі құжаттар  қабылданғаннан кейін оқудың 1- (бірінші) академиялық кезеңі ішінде немесе құжаттарды өткізгенге дейін  Қазақстан Республикасында белгіленген заңнамалық тәртіпте    нострификация шарасынан өтеді.

     Бакалавриат  мамандығына сәйкес емес/ жақын емес магистратура бағдарламасына  құжаттарын  тапсырған үміткерлер  магистратураның  сәйкес оқу бағдарламасын меңгеру үшін  қажетті   пререквизит пәндерді тапсыруы жағдайы барысында ҚБТУ-да оқу құқығына ие болады.  Пререквизиттер  ақылы негізде  Академиялық күнтізбеге сәйкес  магистратурада оқу сабақтары басталғанға дейін меңгеріледі.  Пререквизиттерді өту кестесі ҚБТУ факультеттерінде қаралады және бекітіледі.

Оқыту орыс тілінде жүретін магистратураға түсуші тұлғалар  шетел тілі бойынша тестіден, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестіден, оқуға даярлығын анықтауға арналған тестіден  тұратын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша кешенді тестілеу тапсырады.

 

     Оқыту ағылшын  тілінде жүретін магистратураға түсуші тұлғалар  ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестіден, қазақ немесе орыс тілдерінде  (таңдауы бойынша) оқуға даярлығын анықтауға арналған тестіден  тұратын білім беру бағдарламаларының топтарының бейіні бойынша кешенді тестілеу тапсырады

 

ҚБТУмагистратурасы  бағдарламалары бойынша мамандықтар тізбесі:

Энергетика және мұнайгаз  индустриясы  факультеті

Мамандықтары:

- МҰНАЙГАЗ ІСІ (Petroleum Engineering)

-  ҚҰРЫЛЫСТЫ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ (Facilities Management)

 

Геология және геологиялық барлау  Факультеті

Мамандық:

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БАРЛАУ (Geology and Exploration of Minerals)

 Ақпараттық Технологиялар  Факультеті

Мамандық:

- АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР  (Information Systems

Маманданулар:

  • Мәліметтерді талдау (ҚР БжҒМ-нен эксперименталдық бағдарлама)
  • Қаржы технологиялары және Мәліметтерді талдау (банк секторымен бірлесе)
  • Киберқауіпсіздік
  • Экономикада және әлеуметтік ғылымдарды мәліметтерді талдау (ҚБТУ-дың Халықаралық экономика мектебі – ХЭМ-мен бірлесе)

 

Бизнес мектебі

Мамандықтар:

ІСКЕРЛІК ӘКІМДЕНУ (Business Administration)

Маманданулар:

  • Мұнайгаз секторы
  • Қаржы
  • Көшбасшылық
  • Жасыл экономиканы басқару 
  • Ақпараттық  технологиялар

 

- ҚАРЖЫ (Finance)

Мамандану::

  • Қаржылық талдау

 

ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ (Project Management)

Маманданулар:

  • Жобаларды басқару
  • Жеткізілімдерді басқару

Халықаралық  экономика мектебі

Мамандық:

ҚАРЖЫ (Finance)

Мамандану:

  • Банк ісі және қаржы

 

Математика және кибернетика Ғылыми-білім беру орталығы

Мамандық:

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛДЕУ (Mathematical And Computer Modeling)

 

Химиялық  инженерия  Ғылыми-білім беру орталығы

Мамандықтар:

ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ (Chemical Technology of Organic Substances)

- БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ (Chemical Technology of Inorganic Substances)

- МҰНАЙХИМИЯСЫ (Petro chemistry)

 Баламалы  энергетика Ғылыми-білім беру орталығы

Мамандық:

 - НАНОМАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР (Nanomaterials and Nanotechnology)

 

Шарт

 

Байланыс мәліметтері
Төле би көш. 59, 357- кабинет
Байланыс телефондары: 8 (727) 3574264, 8 (727) 3574282
эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.