Бағдарлама студенттерге теориялық негіздерді оқып үйренуге, болашақ мамандарға жылдам өзгеретін дүние жағдайларында маңызды стратегиялық шешімдер қабылдауға көмектесетін басқару модельдері мен құрылымдар саласында білім алуға көмектеседі.

Компанияның экономикалық жүйесiн, қызметкерлер құрамы, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын тиiмдi және орынды басқару басты құзыретi болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – бастауыш және жеке шағын кәсіпорындардан бастап мемлекеттік мекемелерге және ірі өнеркәсіптік компанияларға дейінгі барлық ұйым түрлерінде маркетингтік стратегияларды қалыптастыруға және іске асыруға қабілетті білікті маркетолог мамандар дайындау.

 

Міндетті пәндер – 93 кредит, соның ішінде:

  • Бизнес-жоспарлау
  • Іскерлік қатынас
  • Халықаралық бизнес
  • Менеджмент
  • Кәсіпкерлік
  • Бизнесті дамыту стратегиясы
  • Адам ресурстарын басқару
  • Нарықты зерттеу
  • Стратегиялық маркетингтік коммуникациялар
  • Маркетингтік стратегия
  • Маркетинг және әлеуметтік желілер

 

Таңдамалы пәндер – 36 кредит, соның ішінде:

  • Деректерді талдау және экономикалық болжау
  • Құралдар және шешім қабылдау әдістері
  • Бизнес саласында компьютерлік қосымшалар
  • Тұтынушылардың мінез-құлқы
  • Өзгерістерді басқару
  • Көшбасшылық және мотивация
  • Халықаралық маркетинг

 

Байланысу:

Сұрақтар бойынша: Меруерт Шаймерден +7 727 357 42 40
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
WhatsApp: +7 705 193 0055
457 кабинет (Абылай хан)