Ұлыбритания, АҚШ, Қазақстан және Ресейден келген халықаралық сарапшылар тобы тек қана ағылшын тілінде сабақ жүргізеді...

… Бағдарлама ACCA және CIMA стандарттарына негізделген...

… Bloomberg әлемдік деңгейдегі іскерлік талдаушыларының қолдауымен...

Бағдарлама студенттерді теориялық негіздермен, басқару модельдері мен құрылымдар бойынша білім беруді ұсынады, бұл болашақ мамандарға жылдам өзгермелі дүние жағдайларында маңызды стратегиялық шешімдер қабылдауға көмектеседі. Компанияның экономикалық жүйесiн, қызметкерлер құрамын, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын тиiмдi басқару басты құзырет болып табылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - стартаптар мен жекеменшік шағын бизнестен бастап мемлекеттік құрылымдар мен ірі өнеркәсіптік компанияларға тиімді командаларды, бөлімшелерді және барлық түрдегі ұйымдарды қалыптастыру және дамытуға қабілетті білікті менеджер мамандарды дайындау.

Міндетті пәндер – 93 кредит, соның ішінде:

  • Бизнес-жоспарлау
  • Іскерлік қарым-қатынас
  • Инновациялық басқару
  • Маркетинг
  • Халықаралық бизнес
  • Менеджмент
  • Кәсіпкерлік
  • Жобаны басқару
  • Бизнесті дамыту стратегиясы
  • Адам ресурстарын басқару

Таңдамалы пәндер – 36 кредит, соның ішінде:

  • Деректерді талдау және экономикалық болжау
  • Бизнес идеялар мен мүмкіндіктер
  • Іскерлік этика
  • құралдар және шешім қабылдау әдістері
  • Бизнес саласында компьютерлік қосымшалар
  • Маркетингтік коммуникация
  • Халықаралық экономика
  • Бизнес және компания құндылығын бағалау
  • Мұнай-газ жобаларын бағалау
  • Аралық қаржылық есеп

Байланысу:

Сұрақтар бойынша: Меруерт Шаймерден +7 727 357 42 40
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
WhatsApp: +7 705 193 0055
457 кабинет (Абылай хан)