Декан хабарламасы
ҚБТУ-дің Бизнес-мектебі 2001 жылы құрылғаннан бері үлкен жетістікке қол жеткізді. Біз бүгін кім екенімізді анықтап, Қазақстанның болашақ көшбасшылығы мен қоғамдағы құндылықтарды дамытуға үлес қосатынымызды мақтан тұтамыз. Елдегі жетекші бизнес-мектебі бола отырып, біз үнемі оқу бағдарламаларымыз бен оқыту әдістерін жақсартып, жетілдіріп отырамыз.

Біздің бакалавриат және магистратура бағдарламалары – CFA, ACCA және CIMA сияқты жетекші халықаралық кәсіби ұйымдар мойындаған, жергілікті оқытушылар тарапынан ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар. Сонымен қатар, ҚБТУ Бизнес-мектебі Американдық аккредиттеу кеңесінің (ACBSP) аккредитациясына үміткер екенін қуана айтамыз.

Біз жергілікті, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі ұйымдармен тұрақты әріптестік байланыстарды орнату үшін көп күш жұмсаймыз. Мысалы, біздің студенттер Erasmus + және Абай-Верн сияқты алмасу бағдарламалары арқылы халықаралық тәжірибеге ие болып отыр. Сонымен қатар, Гарвард бәсекелестікке қабілеттілік институтының ұстазы Майкл Портердің бағдарламасы – Бизнес-мектеп магистрлеріне курс оқуға рұқсат беретін лицензиясы бар, Қазақстандағы жалғыз бағдарлама.

Ізгі құрметпен,
Диана Амирбекова
Бизнес-мектеп Деканы

 

Бизнес-мектеп болашағы, міндеті және стратегиясы

БОЛАШАҒЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

ҚБТУ Бизнес-мектебі iKBTU әріптестігімен қоғам тарапынан мойындалған басқару және кеңес беру мамандарына арналған тренингтер мен кеңестер, оқу бағдарламалары арқылы білім беруді қамтамасыз ететін Орталық Азиядағы жетекші халықаралық бизнес мектебіне айналып отыр. Өзгерістер мен жаңартуларды ынталандыратын инновациялар мен кәсіпкерлік мәдениетті дамыту арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының және қоғамының дамуына ықпал етуге профессор-оқытушылар білімінің жоғары сапасы кепілдік береді.

МІНДЕТІ

ҚБТУ ұжымының ажырамас бөлігі ретінде Бизнес-мектеп университеттің міндеттері аясында жұмыс істейді: «ҚБТУ аймақ пен тұтастай ел игілігі үшін бизнестегі және өнеркәсіпте болашақ көшбасшыларға жоғары сапалы білім беруді, инновациялық технологиялар мен ғылымның ең озық және перспективалық бағыттарында зерттеулерді жүзеге асыруды өз міндетін деп санайды».

СТРАТЕГИЯСЫ

Бизнес-мектеп келесі салаларда артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады:

  • Академиялық  бағдарламалар
  • Зерттеулер
  • Әкімшілік оқыту және кеңес беру
  • Қоғаммен әрекеттесу және ақыл-кеңес беру

ҚБТУ Бизнес-мектебі – топтық жұмыс және серіктестік!

Біздің ойымызша, қазіргі заманғы әлемде, бәрі бір-бірімен байланыстағы командалық қызмет пен сенімді серіктестікті құру сапалы нәтижеге жетудің ең жақсы тәсілі болып табылады. Қызмет саласына қарамастан, бұл тәсіл Қазақстандағы сапалы қызметтерді ұсынудың максималды икемділігі мен тиімділігін қамтамасыз ететініне біз сенімдіміз.

Бизнес мектебі 1400-ге жуық маман дайындады, ал қазіргі уақытта 400-ге жуық студент кәсіпкерлік негіздерін үйрену үстінде. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілігі – 30 маманнан тұратын халықаралық топ.

 

Факультет келесі бағыттар бойынша бакалавриат бағдарламаларын ұсынады:

Бағдарлама студенттерге теориялық негіздерді оқып үйренуге, болашақ мамандарға жылдам өзгеретін дүние жағдайларында маңызды стратегиялық шешімдер қабылдауға көмектесетін басқару модельдері мен құрылымдар саласында білім алуға көмектеседі.

Компанияның экономикалық жүйесiн, қызметкерлер құрамы, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын тиiмдi және орынды басқару басты құзыретi болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – бастауыш және жеке шағын кәсіпорындардан бастап мемлекеттік мекемелерге және ірі өнеркәсіптік компанияларға дейінгі барлық ұйым түрлерінде маркетингтік стратегияларды қалыптастыруға және іске асыруға қабілетті білікті маркетолог мамандар дайындау.

 

Міндетті пәндер – 93 кредит, соның ішінде:

  • Бизнес-жоспарлау
  • Іскерлік қатынас
  • Халықаралық бизнес
  • Менеджмент
  • Кәсіпкерлік
  • Бизнесті дамыту стратегиясы
  • Адам ресурстарын басқару
  • Нарықты зерттеу
  • Стратегиялық маркетингтік коммуникациялар
  • Маркетингтік стратегия
  • Маркетинг және әлеуметтік желілер

 

Таңдамалы пәндер – 36 кредит, соның ішінде:

  • Деректерді талдау және экономикалық болжау
  • Құралдар және шешім қабылдау әдістері
  • Бизнес саласында компьютерлік қосымшалар
  • Тұтынушылардың мінез-құлқы
  • Өзгерістерді басқару
  • Көшбасшылық және мотивация
  • Халықаралық маркетинг

 

Байланысу:

Сұрақтар бойынша: Меруерт Шаймерден, +7 727 357 42 40
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

WhatsApp: +7 705 193 0055
457 кабинет (Абылай хан)

 

МВА бағдарламалары келесі салалар бойынша жүргізіледі:

 

Мамандандырылған магистратура бағдарламалары:

 

Курстар туралы қосымша ақпарат алу үшін хабарласуыңызды сұраймыз:

Диана Амирбекова

Декан                                                                          

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

+7 727 357 42 67 (350)

WhatsApp: +7 705 193 0055

Мадина Бигабатова

Декан орынбасары

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

+7 727 357 42 67 (351)

Назым Жылкыбаева

Бакалавриат бағдарламасының менеджері

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

+7 727 357 42 67 (352)

Меруерт Шаймерден

Магистратура бағдарламасының менеджері

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

+7 727 357 42 40 (371)