Нанотехнологиялар зертханасы   - Қазақстан-Британ техникалық университетінде 2011 жылы 2 мамырда профессор К.Х. Нусуповтың басшылығымен құрылған. 2018 жылдың 15 қазанында Баламалы энергетика және нанотехнологиялар ғылыми-білім беру орталығына (БЭжН ҒББО) айналды.

 

 

Мақсаттары

  • Төмен және жоғары тоқка арналған заманауи электроника қондырғыларын пайдалана отырып PhD докторанттарын дайындауға арналған білім беру қызметі.
  • Жер үстіндегі және ғарыштық негізде күн батареяларын және күн модульдерін өндіру технологияларың кешенін жасау.
  • Өзіміздің патенттерімізге негізделген жел қондырғыларын жасау және өндіру.
  • Наноэлектроника үшін карбиді кремний және алмаз тәрізді көміртекті қабыршақтарды синтездеу және зерттеу.
  • Негізгі ионды-сәулелік қондырғыларды (үдеткіштердің техникалары және т.б.) және электрондық зеңбірегтерін әзірлеу. Электрон-иондық және магниттік оптикалары. Климат апаттарын зерттеу үшін магнитті анализаторлар және спектрометрлер.

 

 

Зерттеу және дамыту

 

 

I: Бір жақты және екі жақты күн батареяларын өндіру технологиясының кешені:

1) кремний табақшаларының жазық айна тәрізді бетін алу технологиясы; 
2) жоғары сапалы р–n–өткел алу технологиясы; 
3) ПӘК-ін арттыру үшін және күн спектрінің көк бөлігін тиімді пайдалану үшін , селективті эмиттер дайындау технологиясы; 
4) ПӘК-ін арттыру үшін кремний бетін пассивтендіру технологиясы; 
5) ПӘК-ін арттыру үшін және спектрдің ультракүлгін бөлігін көрінетін аймаққа конвертациялау үшін Si және SiC нанокристаллдарын синтездеу технологиясы; 
6) қабаттардың қалыңдығын, химиялық құрамын және құрылымын анықтау әдістерін әзірлеу; 
7) кремний матрицасы мен мыс арасына TiNх және басқа да қосылыстар негізінде тиімді диффузиялық тосқауыл синтездеу технологиясы; 

8) контакталық жүйе үшін TiSi2 наноқабаттарын синтездеу технологиясы; 
9) күн эбатареяларының қызмет ету уақытын арттыру үшін күн элементтерінің алдыңғы және артқы жақтарына көпкабатты контакталық жүйе жасау технологиясы; 
10) күн элемиенттерінің антишағылдырушы жабындарын синтездеу технологиясы;
11) наноқұрылымдарды кезектеп тұндыру үшін фотолитография технологиясы;

12) қысқа тұйықталуды жою үшін кремний пластиналарын лазермен кесу;

13) күн батареяларын ламинаттау және капсулдау технологиясы;

14) вольт-амперлік сипаттамаларды және ПӘК-ін өлшеу әдістері;

15) күн симулятор арқылы күн модулдерді тексеру;

16) шағын электр станция құру, және т.б.

 

II Көпсатылы жел қондырғысын жасау

1) жаңа жел қондырғыларын әзірлеу және патенттеу;

2) жел қондырғыларын прототиптарын жасау.

 

III наноэлектроникаға арналған жоғары сапалы монокристаллдық және нанокристаллдық кремний карбиді мен алмаз қабыршақтарын синтездеу

1) Наноэлектроника үшін аморфты және кристалды кремний карбидтік қабыршақтарды синтездеу және зерттеу.

2) наноэлектроника үшін алмаз тәрізді көміртекті қабыршақтарды синтездеу және зерттеу.

 

Проекттер

1. «Жоғары жиілікті разряд плазмасында жоғары температуралы матрицаларға алмаздың жұқа қабыршақтарын синтездеу», жоба жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Нусупов К.Х.

2. «Күн технологиясы мен наноэлектроникаға арналған, физикалық және химиялық әдістермен өсірілген аморфты және кристалдық SiCx қабыршақтардың құрылымын қалыптастыру және параметрлерін модельдеу», жоба жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Бейсенханов Н.Б.

 

БЭжН ҒББО жабдықтары

Үлкен технологиялық және ғылыми-зерттеу нысандарының 20 түрі бар.

 

Орындалған даму

- ИТП АЭА «Алатау»-дағы электр станциясында екі жақты күн панельдері. Үш жыл табысты жұмыс. Электр станциясына салынған қаражат өндірілген электр энергиясымен төленді;

- Қапшағай көлінің жағасында көпсатылы жел қондырғысы;

- әр түрлі мақсаттарға арналған қатты қабықшалар(SiC, Si, Ti, TiN, Ta, TaN, W2N, Al, Cu);

- ҚБТУ-дағы жеңіл және ауыр массалық бөлінген иондардың үдеткіші

 

 

ҚБТУ-да жасалған күн электр станциясы

   

InTech баспасының бұйрығымен КБТУ қызметкерлерімен (Нусупов К.Х., Бейсенханов Н.Б.) кең тараулар кітаптарда жазылған:

а) "Silicon carbide – Materials, Processing and Applications in Electronic Devices" (46 б.).

б) "Physics and Technology of Silicon Carbide Devices" (50 б.).

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлемнің 193 елінен мыңдаған өтініштер ҚБТУ қызметкерлерінің 2 тарауларын оқуына қабылданды.

 

 

Қазақстан өнертапқышы К.Х.Нусупов-тың үдеткіш техника бойынша АҚШ патенті (Nussupov Kair Method and apparatus for the conveying and positioning of ion implantation targets”. United States Patent. US 6,414,328 B1. - Jul.2, 2002. - 22 p.) әлемге әйгілі компаниялардың американдық патенттерінде «қарсы қаралған патент» деп аталды: 

- Varian Semiconductor Equipment Associates, Inc. (US8698104; және US20110108742); 

- Axcelis Technologies, Inc. (US6794664; WO2004090947A2; және WO2004090947A3); 

- Twin Creeks Technologies, Inc. (US8044374; және US20100327181); 

- Vaxis Technologies Llc (US20110121207); 

- Atomic Energy Council - Institute Of Nuclear Energy Research (US6933511; және US20050104012),

- белгілі ғалымдардың Kinzou Shinozuka (US6514146), Adam Alexander Brailove (US8089055).

- Қытай патенттерінде (CN103268850A және CN103268850B).  Барлығы: 14 патент. 

 

АҚШ патенті                                

Ион үдеткіші және магниттік масс-    Ядролық сәулелену детекторлары ғарыш кеңістігінде спектрометр. ҚБТУ-да әзірленген       төтенше жағдайларда 20 000-нан астам сағат бойы және шығарылған.

 

Детекторларды пайдалану туралы қорытынды

Ядролық сәулелену детекторлары ғарыш кеңістігінде спектрометр. ҚБТУ-да әзірленген   төтенше жағдайларда 20 000-нан астам сағат бойыжәне шығарылған.  үздіксіз жұмыс істеді (ҚБТУ қызметкерімен әзірлеген)

 

 

Нусупов К.Х.-пен ҚБТУ өтініш берушілердің жел энергетикасы бойынша халықаралық патенттік өтінімі «Multi-Stage Slotted Wind Turbine». International Application No.: PCT/KZ2017/000007, 10.04.2017. Pub. No.: WO/2017/213485, 14.12.2017. Priority Data 07.06.2016 (2016/0492.1).

 

ҚБТУ-да әзірленген және жобаланған жоғары сапалы жел қондырғысы. Қазақстанға Еуропа 38 елдерінің және америка елінен патент беру туралы оң шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Қапшағай көлінің жағасында жұмыс жасайды.

 

Альтернативті энергетика және нанотехнологиялар бойынша ғылыми-білім беру орталығының логотипі

 

 

 

 

БЭжН ҒББО жетекшісі.

Нусупов Қайыр Хамзаұлы - БЭжН ҒББО бастығы, 04/01/07 - «Конденсацияланған физика» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесі бар (ФИАН, Москва, 1996. D.002.39.02 Нобель сыйлығының лауреаты Д.А.Басов-тың мамандандырылған кеңесі); «Физика профессоры» атағы бар (ҚР БҒМ БҒСБК, 05.28.2010, Астана қ.), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (Диплом 06.01.201 ж. № 9342), Ресей Федерациясының ғылым және білім саласының еңбек сіңірген қайраткері (сертификаты № 01434, Мәскеу, 2014), Ресей Федерациясының Ғылыми мектебінің негізін қалаушы (№ 00839 сертификаты, Мәскеу 2014) және Нью-Йорк Ғылым Академиясының мүшесі (2005) атағылары бар. АҚШ-та жұмыс істеді (Нью-Йорк және басқалар) - 10 жыл, Ресейде (Мәскеуде) - 5 жыл, КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінде - 15 жыл. Қазақстанда ол ауыр иондардың  желілік үдеткішті (ILU-4) төмен энергияға айналдыру үшін КСРО-да бірінші болды. Бұл үдеткішті қолданып, ол КСРО-дағы ең үздік деп танылғаннан кейін, арнайы ғарыш кемесінің бортында орнатылған ядролық бөлшектердің жартылай өткізгіш детекторларын жасап шығарды. Ашық кеңістіктегі төтенше жағдайларда осы детекторлар 20000-нан астам сағатқа жұмыс істеді (ресми растау бар). АҚШ-тың үдеткіш техника туралы патенті, КСРО авторлық куәлігі, үш патент және бір желдік энергияға арналған халықаралық өтінімі бар. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Нүсіпов Қайыр Хамзаевичқа марапатталды: «Қазақстандағы 2015 жылдың үздік инженері» дипломы (республикалық конкурстың лауреаты, Президиумның 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 138 Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының шешімімен); «Online-Expo-2017» республикалық байқауының жеңімпазының дипломы (Астана, 2016 G-GLOBAL); жариялау циклдары үшін академиялық қоғамдастық марапаттары. Web of Science дерекқорының деректері бойынша, сitation тізімінде 115 сыртқы сілтеме бар. Хирш индексі h6 (Nussupov K* OR Nusupov K*).

 

Бейсенханов Нуржан Бейсенханұлы - БЭжН ҒББО бастығының ғылым жөніндегі орынбасары, 05.27.01 - қатты күйдегі электроника, радиоэлектрондық компоненттер, микро- және наноэлектроника, кванттық әсерлерге негізделген құрылғылар мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесі бар (ИПТМ РАН, 2011г.); «Физика профессоры» атағы бар (ҚР БҒМ БҒСБК, 22.02.2017. 65 журнал мақаласының соавторы, олардың 10-ы импакт-факторы 1-ден жоғары, сондай-ақ монография және еуропалық кітаптарда 3 бөлім. Ол Elsevier ресми танылған сарапшы болып табылады және Elsevier Reviewer Recognition сертификатын алды. Рефери ретінде шақырылып, импакт-факторы 1-ден жоғары импакт-факторы бар ғылыми журналдарға арналған мақаланы қарастырды - Journal of Magnetism and Magnetic Materials (Elsevier IF2019-3,046), Journal of Applied Crystallography (Wiley-Blackwell, IF2018-3.422), Applied Surface Science (Elsevier, IF1.406), Journal of Materials Science (Springer, IF1.081), Solid State Sciences (Elsevier, IF1.698), Materials Science and Engineering B (Elsevier, IF1.330), PhD thesis (Russia, Pakistan, Kazakstan), international conferences (CMSE, China). Халықаралық ғылыми қоғамдастықтардын мүшесі: Америка химия қоғамы (ACS, АҚШ), Американдық ғылымды дамыту ассоциациясы (AAAS, АҚШ), Ресей жаратылыстану академиясы (академик, Ресей Федерациясы). Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерейтойлық медалімен және ғылыми қоғамдастықтың медалдарымен мақалалар циклдар үшін марапатталды; «Академиялық адалдық үшін» марапатымен жыртқыш басылымдарда мақалаларың болмауына байланысты марапатталды. Web of Science дерекқорының деректері бойынша, сitation тізімінде 101 сыртқы сілтеме бар. Хирш индексі h7  (Beisenkhanov N* OR Bejsenkhanov N*).

Бакранова Дина Игорьқызы - БЭжН ҒББО бастығының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, PhD, «ҚБТУ» АҚ аға ғылыми қызметкері. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірді (Алматы, 2004-2008 жж., техникалық физика бакалавры) және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың магистратурасын бітірді (2008-2012 жж., техникалық физика магистрі). 2017 жылы «6D074000 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)» мамандығы бойынша  PhD диссертация қорғады. 20 басылымның авторы. «Thomson Reuters» немесе «Scopus» импакт-факторы бар («Superlattices and Microstructures» (Thomson Reuters, IF2.123), «Physics of the Solid State» (Thomson Reuters IF0.831))  басылымдардағы 4 мақала, ҚР-дағы ККСО тізіміндегі журналдарда 8 мақаланың соавторы. Нью-Йорк, Барселона және басқа қалаларға шақырылған болып ауызша баяндама жасады. Хирш индексі h2, Web of Science дерекқорындағы дәйексөздердің саны 5-ке тең (Bakranova D*).

 

Байланыс

БЭжН ҒББО бастығы

Нусупов Каир Хамзаұлы

Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

тел.: +7 727 357 42 40, іш. 530

 

БЭжН ҒББО бастығының

ғылым жөніндегі орынбасары

Бейсенханов Нуржан Бейсенханұлы

Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

тел.: +7 727 3574240, іш. 531

 

БЭжН ҒББО бастығының оқу-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі орынбасары,

Бакранова Дина Игорьқызы

Email: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

тел.: +7 727 357 42 40, іш.539