Деканның құттықтауы

Құрметті студенттер мен ата-аналар!

Халықаралық экономика мектебі – бұл өзгеше факультет, оның түлектері ҚБТУ мен Лондон университетінің қос дипломын алып шығады.

Жоғары білікті оқытушылар мен шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыстың нәтижесінде студенттер бизнес пен экономика саласында ең озық  білімге ие болады.

Біз әлемдегі ең танымал деп саналатын Колумбия университеті, Солвей Экономика және Менеджмент Мектебі, Гарвард университеті және Эдинбург университеті секілді ғылыми-білім беру орталықтарының PhD дәрежесі бар педагог мамандарын шақырып отырамыз. Халықаралық ынтымақтастықты тұрақты дамытамыз, оның ішінде Лондон университеті мен Лондон экономика мектебі де бар. Бұл бізгі оқу стандартын жоғары деңгейде ұстап тұруға көмектеседі және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға мүмкіндік береді.

         ХЭМ бакалавриаты түлектерге өз мансабын дамытуға қатысты түрлі жолдарды таңдауға мүмкіндік тудырады. Мысалы, олар қаржы-экономика бағытын таңдаса, консальтингтік, инвестициялық компанияларда, банк секторларында және бизнес саласында  жұмыс жасайды. Ақпараттық технология саласын таңдаған студенттер бизнес-мәліметтерді талдау, цифрлық стратегиялар құру, ақпараттық жүйелерді басқару салаларында жұмыс таба алады. Лондон Университетімен бірге қос диплом алатын оқу бағдарламасын таңдаған түлектер үшін Қазақстанның да, шетелдің де еңбек нарығының есігі ашық.

  • Жоғарыдан кейінгі білім: Цифрлық стратегия ммен инновация саласындағы магистр. Түлектер қос диплом алады, оның ішінде Лондон Университетінің дипломы бар және британдық студенттер алатындай сапалы білімге ие болады.
  • Қаржылық тәуекелді басқару, ҚТБ (МФЦА-мен серіктестікте): бұл бағыттағы мамандық бакалврларға тек қос диплом беріп қана қоймайды,сонымен бірге кәсіби ҚТБ-біліктілігін де береді.

 

Біздің жетістіктеріміз:

ХЭМ командасы – Орталық Азияда өткен CFA Challenge байқауының жеңімпазы

Екі команда TheBostonConsultingGroup шарасының финалына шықты

Алты студент Лондон университеті мен Лондон экономика мектебінің бірлескен бағдарламасы аясында әлемдегі ең үздік деп танылды

Назарбаев зияткерлік мектебімен өзінің түлектерін ХЭМ-ге екінші курстан бастап қабылдау және  олардың ішіндегі 50 үздік студентке   стипендия беру туралы арнайы келісім жасалды

         Лондон Университетінің серіктесі ретінде (бакалавриат пен магистратура) біз біз бес мамандық бойынша қос дипломды бағдарлама ұсынамыз:

   Цифрлық стратегия және  инновациялар

    Мәліметтерді талдау

   Қаржы

    Қаржы экономикасы

    Тәуекелді басқару

 

 

1-курсқа 100 орын берілді: 50 грант пен жеңілдік қол жетімді

Бакалавриат – Лондон Университеті:     ХЭМ студенттерге үш бағдарлама ұсынады:

     Математика және экономика

    Экономика (мәліметті талдау және машиналық оқытуды қамтитын экономика)

    Қаржы

 

Магистратура –Лондон Университеті: ХЭМ бір бағдарлама ұсынады:

Цифрлық стратегия және инновациялар

Кәсіби даму – ҚТБ: Кәсіби бағдарламалар, оның ішінде МФЦА емтиханы бар. Барлық студенттер үшін Bloomberg замануи зертханалары қолжетімді

Біз – Қазақстанда қосдипломды білім беру саласы бойынша көшбасшымыз, сондықтан өз факультетімізбен, халықаралық деңгейдегі бағдарламаларымызбен және өзіміз дайындайтын үздік мамандарымызбен мақтанамыз!

Сіздерді ХЭМ күтеді. Оқу жылдарыңыз қызықты болсын!

 

Профессор Гэйвин Кретчмар –

Халықаралық экономика мектебінің деканы