Құрметті талапкер!

ҚБТУ математика және кибернетика ғылыми-білім беру орталығына қош келдіңіз!

Математика және қолданбалы математика саласындағы білім сенімді және табысты мансапқа есік ашады, себебі математика – бұл барлық ғылымның негізі. НОЦМиК – ҚБТУ-дың ең жас факультеттерінің бірі. Ол ең мықты математикалық мектеп ретінде біздің мақтанышымыз болып отыр. Оқу кезінде студенттер математикадан және оның түрлі қосымшалардан іргелі білім алады, жоғары өнімді есептеулерді практикамен ұштастыратын зерттеу семинарларына және жобаларына қатысады. Сонымен қатар, оңтайлы менеджментті меңгеріп, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға үйренеді.

Біз 5В070500 және 6М070500 – "Математикалық және компьютерлік моделдеу"мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистрлерді даярлаймыз. Жоғары санатты мамандарды дайындау үшін біздің орталық осы мамандық бойынша докторлық бағдарлама ұсынады. Сонымен қатар, "математикалық және компьютерлік моделдеу"мамандығы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Диссертациялық кеңес жұмыс істейді. 

Студент бола отырып, сіз базалық және кәсіби курстарды оқып, сондай-ақ сіздің білімдеріңізді әртараптандыруға көмектесетін ҚБТУ-дың басқа факультеттерінен ең қызықты пәндерді таңдауға мүмкіндік аласыз. Алынған ғылыми база үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын болашақта талап етілетін әмбебап маман болуыіызға көмек береді.

Құрметпен,

НОЦМиК Деканы

Асылбек Исахов

 

Факультет туралы

МИССИЯСЫ

Жоғары деңгейдегі математика пәнінен білім беретін ұстаздармен студенттердің өзара іс-қимыл ортасын құру әрі бұл білімді ғылыми және кәсіби қызметте одан әрі қолдану.

ФАКУЛЬТЕТТІҢ МАҚСАТЫ - студенттерді:

- Техникалық және экономикалық есептердің математикалық моделін құруға;

- Құрылған математикалық модельдің барабарлығын тексеруге;

- Математикалық есептерді шешуге;

- Болжау жасай білу үшін нәтижелерді қолдануға  үйрету.

Бұл бағытта профессор-оқытушылар құрамы оқытудың заманауи әдістерін енгізумен қатар, Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикасының қажеттілігін ескеретін математикалық курстарды жаңарта отырып, оқу процесінің сапасын арттыруға ұмтылады.

Математика және кибернетика ғылыми-білім беру орталығының оқытушылары барлық сала студенттеріне базалық математикалық пәндерден сабақ береді. Ғылыми-білім беру орталығы студенттерін іргелі математикалық біліммен қамтамасыз етеді.

Зерттеу

Біздің оқытушылар келесі бағыттар бойынша  Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі гранттарының жетекшілері мен ұйымдастұрушылары болып табылады.:

  • Көп түрлілікпен стратификацияланған жиындардағы геометрия және талдау;
  • Уран және көмірсутек кен орындарын игеруді оңтайландыру;
  • Көп ауқымды геофизикалық процестердің сандық модельдерінің иерархиясын құру және осы негізде гибридті үлгідегі параллель архитектурасы бар жоғары өнімді есептеу жүйелеріне арналған арнайы алгоритмдер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;

 -    Графталған және  стратификацияланған жиындардағы дифференциалдық теңдеулер;

 -  Кеңістіктік және уақытша ауқымдағы көп компонентті сейсмикалық/акустикалық деректерді пайдалану негізінде жарықтық-кавернозды коллекторларды карталау және олардың сүзу-сыйымдылық қасиеттерін болжау әдісін әзірлеу (үстіңгі сейсмоакустикалық акустикалық каротаж).

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР:

  •  Алгебра, алгебралық құрылымдар
  •  Логика, есептеу теориясы
  • Көп түрліліктер және стратификацияланған жиындардағы талдау
  • Графтар мен стратификацияланған жиындардағы Дифференциалдық теңдеулер
  • Функционалдық талдау
  • Модельдер теориясы
  • Қолданбалы алгебра
  • Фильтрлеу есептерін сандық моделдеу
  • Табиғи-физикалық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Биомедициналық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Химиялық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Есептеу гидродинамикасы
  •  Жоғары өнімді есептеулер
  • Атмосфералық процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Судың ластануын математикалық және компьютерлік модельдеу.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Ғылым-білім беру орталығы бакалаврдан ғылым докторына дейінгі (PhD) түрлі деңгейдегі әмбебап мамандарды дайындайды. Біздің түлектер кез-келген салада өзінің қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дайындықтардың арқасында әрдайым  еңбек нарығында сұранысқа ие. Білім берудің жоғары деңгейі 100% ғылым кандидаттары мен докторларынан тұратын профессор-оқытушылар құрамының арқасында қамтамасыз етіледі. ҚБТУ-да "Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандығы бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Докторлық бағдарламаны Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) аккредиттеген.

 

МЕКТЕПТІҢ МИССИЯСЫ МЕН СТРАТЕГИЯСЫ

 

Контакты

Главный менеджер НОЦМиК, Манапова Айнур,

+7(727)3574264 (вн. 316)

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

г. Алматы, ул. Толе би 59, каб. 318

 

Менеджер НОЦМиК, Абильда Сымбат,

+7(727)3574264 (вн. 316)

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

г. Алматы, ул. Толе би 59, каб. 318