Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

Мен сіздермен энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті жөнінде ой бөлісуге қуанышты боламын.  ЭжМГИФ – бұл барлық үш деңгейде: бакалавриат, магистратура және докторантурада оқытылатын, әлемдік деңгейдегі мұнайшы инженерлерді дайындау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсайтын орын. Біздің басты ресурстарымыз - адами капитал екеніне нық сенімдіміз. Тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге қызмет ете алатын адамдарға жақсы білім беру –өте жауапты және құрметті миссия. Біз осы бағытта жұмыс істеуге және еліміздің жалпы индустрияның болашағына үлес қосуға өте қуаныштымыз. Біздің студенттер индустрияда жұмыс істеуге арналған өзекті білімге қол жеткізуі үшін өз оқу жоспарларымызды оңтайлы етіп құрамыз. Сонымен қатар, нарықты кеңінен түсіну және қосымша дағдылар мен машықтарды иелену үшін студенттер ҚБТУ Бизнес-мектебі факультетіндегі және ақпараттық технологиялар факультетіндегі пәндерді оқи алады.

Біздің профессорлық-оқытушылық құрам тек педагогтардан ғана емес, өндірісте көп жылдық тәжірибесі бар адамдардан тұрады. Біз оқу бағдарламасына қатысты кеңес алу үшін Индустрия сарапшыларын белсенді түрде өзімізге тартамыз. Олар сондай-ақ біздің студенттер үшін дәрістер оқиды, кенорнындағы жұмыс тәжірибелері мен қызықты кеңестерімен бөліседі. Біз мұнай компанияларымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз, сондықтан біздің факультет студенттерінің тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары. Өз білімін тереңдетуге немесе ғылыммен және зерттеулермен айналысқысы келетін студенттер магистратура және докторантура бағдарламаларында оқуын жалғастыра алады. Бізбен бүкіл әлем бойынша Индустрия профессорлары мен сарапшылары жұмыс істейді.Біз саланың үздік кадрларын бірге өсіру үшін компанияларды ынтымақтастыққа қуана  тартамыз.

Біз ұжымдық жұмыс және оқыту мен ғылыми қызметтің жоғары стандарттарына бағдарлану арқылы қоғамның дамуына үлес қосатынымызға сенеміз.

Декан ФЭНГИ,

Дархан Куралханов

 

ВИДЕНЬЕ и МИССИЯ

 

Пайымдауы:

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті:

* Студенттер мен оқытушыларды білім беру мен даму жоспар бойнша, сондай-ақ тұлғалық деңгейде қанағаттанатын;

*  Шығармашылық және қалыптан тыс  көзқарастың  әрдайым құпталып,  қарастырылатын;

* Студенттер өмірі мен оқуы  үшін  барлық ыңғайлы және тиімді  жағдайлар жасалған орын. Студенттер мен оқытушылар зертханалық жаңа буын жабдықтарына, электрондық кітапхананың жаңа ресурстарына қол жеткізе алады.

* Студенттердің академиялық алмасу бағдарламасына қатыса отырып, халықаралық оқу тәжірибесін алуға және мұнай-газ секторының жетекші компанияларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар

* Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үнемі өзінің оқыту әдістері мен модельдерін жетілдіріп отырады, индустриядағы соңғы трендтер мен жаңалықтарды қадағалайды

* Жұмыс берушілер ЭжМГИФ-тің беделіне сенеді, өйткені біздің бағдарлама түлектері осындай тез дамып келе жатқан салада жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдылардың кең спектріне ие.

 

Миссиясы:

Көшбасшылық қабілет пен қалыптан тыс  ойлауы оларға қиындықтарға қиналмай  қарсы тұруға  және келешекке сеніммен қарауға мүмкіндік беретін мұнайшы-инженерлерді шығару. Бойында кәсіби дағдылардың тұрақты іргетасы қаланған студенттерді IT - және бизнес-басқару мәселелерінде құзыретті етіп, саланың кез келген бағытында әмбебап қызметкер болуға жеткізу. 

"Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі

"Мұнай - газ ісі" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі - бұл Қазақстан-Британ техникалық университетінің төрт жылдық бағдарлама. Дәл осы жерде 2001 жылдан бастап мұнай-газ индустриясының кәсіби мамандарын даярлау жүргізілуде. Біздің оқу жоспарымыз студенттерді оқуды аяқтау кезінде саланың өзекті мәселелерін шешу және көп бейінді бір топта жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларға ие болатындай етіп құрастырылған. Сабақтар ағылшын тілінде өтеді, сондықтан біздің түлектер Қазақстанда және шетелде ұлттық және халықаралық компанияларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер геология, геофизика, бұрғылау, өндіру процесі, қабаттарды әзірлеу және үлгілеу, қабаттарды гидродинамикалық зерттеу, ұңғыма өнімдерін жинау және дайындау сияқты барлық мамандықтарды білетін болады. Жалпы, оқыту бағдарламасы студенттің математикалық білімі мен аналитикалық ойлау дағдысын игеруін көздейді,  өйткені пәндер терең есептерді орындауды талап етеді.

Оқытудың алғашқы екі жылы– тілдер, тарих, философия және инженерлік – математика, физика, химия, термодинамика, гидравлика сияқты жалпы білім беретін пәндерге арналады. Үшінші және төртінші курстарда студенттер мұнай инженериясы пәндерін тереңдетіп оқиды. Білім алушылар элективтер ретінде Ақпараттық технологиялар факультеті мен Бизнес-мектебі пәндерін таңдай алады.

Жұмыс оқу жүктемесі бір семестрде 6-7 пәнді, 3 жылдық тәжірибені және дипломдық жобаны немесе аптасына 50-70 сағатты қамтиды. Біздің бағдарламаның түлектері тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша компанияларда жұмыс істейді. Профессор-оқытушылық құрам көп жылдық оқыту тәжірибесіне ие және өз пәні бойынша өте құзыретті. Біздің көптеген оқытушылар-бай өндірістік тәжрибеге ие кәсіби шеберлер. 2004 жылдан бастап ЭжМГИФ студенттері SPE (Society of Petroleum Engineers) студенттік ұйымының мүшелері болып табылады. 2014 жылдан бастап SPE КБТУ бөлімшесі үш жыл қатарынан үздік деп танылды. Осы халықаралық ұйымның бір бөлігі бола отырып, студенттер өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге және командада жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік алады.

 

 

"Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама»

ҚБТУ "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша 1 және 2 жыл ұзақтығымен инженер дипломын, мұнай және газ саласы мамандығын алғысы келетіндер үшін және жалпы өз білімдерін тереңдетуге арналған магистрлік бағдарлама ұсынады.

Осы бағдарламада оқи отырып, студенттер индустрияның күрделі мәселелерін шешуді үйренеді, бастапқы дербес зерттеулер жүргізеді. Сабақтарды жергілікті және шетелдік оқытушылар жүргізеді, кейбір пәндерді өндірістен шақырылған сарапшылар оқытады. Магистранттар университеттің электронды кітапханасына және Schlumberger, Landmark, Paradigm және DrillSim сияқты компаниялардың бағдарламалық жасақтамаларымен  жұмыс істеуге қол жеткізе алады.

"Инфрақұрылымды басқару" мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама

"Инфрақұрылымды басқару" мамандығы бойынша магистрлік бағдарлама осы бағыттағы кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін іске қосылды. Сала инфрақұрылымды басқаратын және тиісті міндеттерді тек мұнай-газ индустриясында ғана емес, сондай-ақ кез келген басқа да салаларда шешетін мамандарды қажет етеді. Бұл бағдарлама үшін біз шетелдік университеттерден оқытушыларды тартудамыз. Бітіргеннен кейін студенттер Объектіні басқарушы ретінде кез келген компанияға қосыла алады.

"Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша докторлық бағдарлама

"Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша докторлық бағдарлама 3 жылға созылады және энергетика секторына арналған зерттеушілер дайындайды. Оқу басында жаңа бастаған ғылыми қызметкерлер қызығушылық танытқан тақырып бойынша теорияны зерделейді және кейін зерттеу жүргізеді. Факультет ғылым салада жұмыс істегісі келетіндерге қолдау көрсетеді. Мұнай -газ кешені– бұл жоғары технологиялар мен қазіргі заманғы ғылымды қажетсінетін өндіріс саласы үшін өзек бола алатын еліміздің ішкі және сыртқы экономикасының маңызды элементі. Осы фактіні ескере отырып, энергетика  және мұнай-газ индустриясы факультеті мұнай-газ кенорындарын технологиялық және экономикалық тиімді пайдалану мен игеруге ықпал ететін жаңа буын инженерлерін шығаруды мақсат етіп отыр.

ЭжМГИФ  бакалавриат студенттері төрт жыл бойы  білім алуда келесі білі мен дағдыларды игереді:

• Үш тілдік коммуникацияның үздік дағдылары (қазақ, орыс және ағылшын);

* Жобалық басқару курсынан өтіп және топтық жобаларға қатыса отырып, командалық жұмыс дағдыларын дамыту;

* Математикалық бағыттағы бес пәннен өту нәтижесі ретінде тамаша математикалық қабілеттер;

* Үздік инженерлік дағдылар, жүйелі және сыни ойлау, аналитикалық ойлау қалпы;

* Мұнай-газ индустриясын және оның барлық пәндерін терең түсіну: геология, геофизика, қабаттарды әзірлеу, модельдеу;

* Университет қабырғасында алған жоғары моральдық және тұлғалық құндылықтар.

Университетті бітіргеннен кейін жас мамандар өз мансабын келесі компанияларда бастай алады:

* ҚазМұнайГаз

* Теңізшевройл

* Атырау мұнай өңдеу зауыты

* Павлодар мұнай-химия зауыты

• ПетроҚазақстан Оверсиз Сервисез Инк.

* AGIP KCO

• Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг

* ҚазТрансОйл* Halliburton

* MaerskOil

* InterGas Central Asia

* Baker Hughes

Инженерлік мамандық бойынша дипломға ие және мұнай-газ индустриясында мансапқа мүдделі адамдардың, сондай-ақ өз білімдерін тереңдетуге ниет білдірушілердің "Мұнай инженериясы" магистрлік бағдарламасына түсуге мүмкіндігі бар. Ол студенттерді тереңірек және жоғары деңгейдегі проблемалармен жұмыс істеуге дайындайды. Біз сондай-ақ "Инфрақұрылымды басқару" мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаны іске қостық, өйткені мұнай-газ индустриясы осындай дағдыларды қажет етеді деп санаймыз.

Ғылым мен зерттеулерде өз таңдауын тапқан адамдар "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша докторантурада оқуын жалғастыра алады. Осы үш жылдық бағдарламаны өту кезінде студенттер теориялық курсты оқып, зерттеу жүргізуге назар аударады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін олар университеттің оқытушылық құрамына қосыла алады немесе қандай да бір компанияның зерттеу және әзірлеу орталығында жұмыс істей алады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Жұбанова Фарида, факультет менеджері

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

тел.: + 7-727-357-4228