. .

«Қазақстан-Британ техникалық университеті» Акционерлік қоғамы (БCН 011140004703) 2020-2021 оқу жылына жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің бос орындарына Математика және кибернетика ғылыми-білім орталығына, Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультетіне, Геология және геологиялық барлау факультетіне, Ақпараттық технологиялар факультетіне, Бизнес мектебіне, Халықаралық экономика мектебіне келесі лауазымдар бойынша іріктеу жариялайды: профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар, оқытушылар.

 

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарына іріктеуге қатысуға, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген лауазымдардың үлгілік біліктілік сипаттамалары талаптарына сәйкес адамдар жіберіледі (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №5750 тіркелген).

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген адамдар, жоғарғы оқу орны басшысының атына өтініш жібереді (ерікті нысанда). Өтінішпен бірге келесі құжаттар  тапсырылуы қажет:

1) түйіндеме;

2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

3) жеке куәлік/паспорт;

4) өмірбаян;                  

5) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдарының, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

6) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

7) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

8) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген 086/у нысанындағы медициналық анықтама;

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

10) профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдары бойынша білім беру бағдарламасының жобасын немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобасын ұсыну (10 слайдтан аспайтын Power Point пішінінде);

11) «Азаматтарға арналған үкімет» МҚҰ немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталынан берген іріктеуге қатысушының наркологиялық есепке алынбағандығы туралы анықтама;

12) «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҰАҚ немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан www.egov.kz берген психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Іріктеуге қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с.) бере алады.

Бос лауазымдарға өтініш беру хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде мына e-mail-ға жіберілуі тиіс:: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..