ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

2001 жылы құрылған Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), – халықаралық деңгейдегі ғылыми-техникалық элита дайындау саласындағы республиканың жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда экономика, мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика, кибернетика және геологиялық барлау салаларында озық білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Білім сапасы, университеттің техникалық базасы, білікті профессор-оқытушылар құрамы көптеген жылдар бойы республикалық және халықаралық деңгейде жоғары бағаланады.

  • ҚБТУ тоғыз жыл бойы республиканың жоғары оқу орындарының   Ұлттық рейтингіне сәйкес еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орны болып танылады.
  • 2018 жылы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚБТУ-ды Қазақстанның ең үздік IT-университеті деп атады.
  • ҚБТУ- Инжиниринг және технологиялар бойынша аккредиттеу кеңесінің (ABET) IT-бағыты бойынша Халықаралық аккредитацияны алған Қазақстандағы тұңғыш және бірегей жоғары оқу орны. Бұл түлектерге әлемнің ең үздік компанияларында: Google, Facebook, Twitter және т. б. жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Негізгі сатылар

  • 2000 жылы – ҚР  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары барысында білім және ғылым саласындағы келісімдерге қол жеткізілді, соның ішінде республикада білікті техникалық мамандарды даярлау бойынша жоғары оқу орнын ашу туралы шешім қабылданды.
  • 2001 жылы – Қазақстан Үкіметі "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ-ты құру туралы жариялады (2001жылғы 3 тамыздағы №1027 қаулы). Құрылтайшысы – Республиканың білім және ғылым министрлігі, ҚБТУ-дың серіктестері Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі мен Британ кеңесі  болды.
  • 2003 жылы - дәл осы жылдан бастап ҚБТУ-дың жалғыз акционері ҰК "ҚазМұнайГаз" АҚ болды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26-қыркүйектегі № 987 қаулысы).
  • 2003 жылы – "ҚБТУ инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты" ЖШС  – білім беру орталығын құрылды.
  • 2005 жылы – ҚБТУ мен Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (LSE) арасында халықаралық бакалавр қос дипломдық білім беру бағдарламасы іске қосылды.
  • 2010 – 2011 жылдары – ҚБТУ АҚ-тың 1969 жылы құрылған "Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты" АҚ пен  1945 жылы құрылған "А.Б.Бектұров  атындағы химия ғылымдары институты" АҚ-қа 100% акцияларын берілуі.
  • 2018 жылы – "Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры" Қоғамдық Қоры 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде ҚБТУ акциялар пакетін сатып алды.