. .

Талапкерлер мен Білім алушыларға арналған төлем туралы жадынама

Құрметті Талапкерлер мен Білім алушылар!

 

              «ҚБТУ» АҚ қызметтерін мынандай әдістермен төлей аласыздар:

 

  1. Төлемді «Қазақстан Халық банкі» АҚ немесе «АТФ Банк» АҚ-ның кез келген бөлімшелерінде жүргізуге болады. Төлем кезінде өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы және талапкердің/білім алушының аты-жөні, әкесінің аты, ЖСН білу қажет.

Сонымен бірге төлем кезінде міндетті түрде төлемнің мақсатын, не үшін төлем жасайтыныңызды көрсету қажет:

  • оқу ақысы
  • ритейк (retake) ақысы
  • емтиханды қайта тапсыру
  • пәндерді қайта есептеу төлемі
  • жатақхана ақысы
  • кіру картасын қайта жасату ақысы
  • жазғы мектеп ақысы (оқушылар үшін)
  • қабылдау комиссиясы қызметі үшін
  • мақаланы жариялау және анықтама ақысы
  • кітапхана қызметінің ақысы
  • дайындық курстары ақысы
  • студенттік жарна
  • өсімпұл/айыпақы/айыппұлдар
  • басқа қызметтер

 

Реквизиттер

"Қазақстан-Британтехникалық университеті" АҚ

БСН 011140004703

Кбе 17

ТМК 861 (Білім беру қызметтері үшін төлемдер)

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ЖСК   KZ806010131000043902 (KZT) –теңгемен төлем үшін,

           KZ266010131000043904 (USD) –АҚШ долларымен төлем үшін

БСК HSBKKZKX

 

«АТФБанк»

ЖСК  KZ86826A1KZТD2021418(KZT)

БСК ALMNKZKA

 

  1. Халық банктің Homebank қосымшасы арқылы төлеу:

«Төлемдер»- «Барлық төлем»- «Жоғарғы оқу орындары, колледждер» бөліміне кіру қажет, тізімнен "Қазақстан-Британтехникалық университеті" АҚ-ын тауып, «Факультет» бағанынан Факультетті көрсетіп және Жадынаманың 1-т-да көрсетілген төлем түрін жазу қажет (өйткені қосымшада басқа жиек қарастырылмаған). Сонымен бірге барлық басқа бағандарды: Факультетті, студенттің аты-жөнін, әкесінің атын, ЖСН-ін, Курсты, Төлем сомасын (төлемнің видео-үлгісі тіркелген) міндетті түрде көрсетіп толтыру қажет.

 

  1. Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеу:

«Төлемдер»- «Білім»- «Жоғарғы оқу орны үшін төлем» бөліміне кіру қажет–тізімнен "Қазақстан-Британтехникалық университеті" АҚ-ын тауып, «Факультет» бағанынан Факультетті көрсетіп және Жадынаманың 1-т-да көрсетілген төлем түрін жазу қажет (өйткені қосымшада басқа жиек қарастырылмаған). Сонымен бірге барлық басқа бағандарды: Курсты, студенттің аты-жөнін, әкесінің атын, студенттің ЖСН-ін, Соманы (төлемнің видео-үлгісі тіркелген) міндетті түрде толтыру қажет.

 

  1. Төлем карточкасы арқылы төлем жасау www.kbtu.kzсайтында, https://epay.kbtu.kz онлайн төлем сервисі арқылы жүргізіледі. Мұнда барлық қажетті жиектерді: студенттің ЖСН-ін, төлем сомасын, аты-жөні, әкесінің атын, телефонын, эл. мекенжайды, төлем мақсатын (яғни төлем түрін) толтырып, VISA және Master Card көмегімен онлайн төлемді жасай аласыз.