Кадрлық жұмыстар департаменті

Кадрлық жұмыстар департаменті (КЖД)  Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес  Қазақстан-Британ техникалық университетінің барлық құрылымдық  бөлімдерінің есебін жүргізеді, сондай-ақ ішкі еңбек нормативтері мен актілерінің сақталуын қадағалайды.

ЖОО ректорына есеп беретін департамент жұмысының маңызды бөлігі  -  кадрлық резервті қалыптастыру.

КЖД-ның негізгі міндеттері:

  • Заңдылық пен тиімділік ұстанымдарында  кадр мәселелерінің  толық спектрін  реттеуді қамтамасыз ететін (қызметкерлерді қабылдау және есепке алу,  қызметкерлерді бағалау,  біліктілігін арттыру, кадрлық резервті құру және т.б.)  ҚБТУ-дағы адам ресурстарын  басқарудың  жоғары тиімді  кешенді жүйес ін құру;
  • Қазақстан заңнамалары талаптары мен  ЖОО органдарының шешімдеріне сәйкес  ҚБТУ қызметін тиімді   кадрлық  құжаттамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

ҚБТУ-ға жұмысқа қабылдау  бекітілген штаттық кестеге сәйкес  жүргізіледі. Жұмыскерді университетке қабылдау қызметке немесе  жұмыскердің  кетуі нәтижесінде (шығу, ауысу, орын алмастыру және т.б.)  пайда болған   бос жұмыс орнына  немесе  штаттық кесте және оған өзгерістер енгізілуі  шегінде  жаңа жұмыс орнының (қызмет)  ашылуына  байланысты жүзеге асырылады.

Кадрлық жұмыстар департаменті  құрылымдық бөлімшелер басшыларымен бірлестікте тиісті өтінімдер, бос жұмыс орнының болуы және  келешек даму жоспарынан шыға отырып,   бос қызмет орнына  үміткерлерді іріктеу бойынша  жұмыстар жүргізеді.

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.