"KBTU Endowment" корпоративтік қоры "Қазақстан-Британ техникалық университеті" акционерлік қоғамының коммерциялық емес ұйымы болып табылады.

"ҚБТУEndoqment" АҚ директорлар Кеңесінің шешімі бойынша 2018 жылғы 28 ақпандағы №1 хаттамамен құрылды.

Өз қызметінде "ҚБТУ" АҚ білім беру, ғылыми, мәдениет, спорттық және қайырымдылық ортаны дамытуға және жәрдемдесуге бағытталған мақсаттарды басшылыққа алады.

"KBTU Endowment" ҚФ қызметінің негізгі бағыттары: қоғамдық саланы дамыту және қолдау, гранттар/стипендиялар бөлу, ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстар спектрін кеңейту, жаңа жобалар ашу, "ҚБТУ" АҚ кітапхана қорын жаңарту, монографиялар мен оқу құралдарын басып шығару, халықаралық конференцияларға қатысу, инфрақұрылымды жаңарту және т. б

Артықшылықтар

келіп түсетін барлық демеушілік және қайырымдылық көмекті бір жерде шоғырландыру.

демеушілік көмекті атаулы өтініштер арқылы емес, БАҚ және басқа да ашық көздер арқылы тарту.

Стратегия

Миссия

Біз қайырымдылықты жүзеге асыру қажеттілігін түсінеміз және оған ұмтылысты нығайтамыз!

Мақсаты

Қор Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, ұлттың зияткерлік дамуына, ғылымды, білім беруді, мәдениетті – немқұрайлы емес, іскер, шығармашылық, риясыз адамдармен, отандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігінің артуына және жалпы өз Отанының өркендеуіне өз үлесін қосқысы келетіндермен ынтымақтасады.

Құндылықтар немесе қағидаттар

ҚБТУ-ды отандық білім берудің флагманы ретінде өркендету және жоғары оқу орны ұсынатын білім беру қызметтерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, жас дарындарды қолдауға, адалдық, құрмет, ашықтық, жауапкершілік және сенім қағидаттарына негізделген елдің ғылыми және мәдени әлеуетін дамытуға бағытталған ахуал мен жағдайлар жасау.

«KBTU ENDOWMENT»КҚ  басқармасы құрылымы

 

- Жоғары орган-құрылтайшы ("ҚБТУ" АҚ) - Бақылау органы – Тексеру комиссиясы - Алқалық басқару органы – Қамқоршылық кеңес

 

 

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:

- Ахметов Әділ Құрманжанұлы - ҚБТУ-дың құрылу бастауында тұрған бірінші ректор, Біріккен Корольдіктің бұрынғы елшісі, ҚР сенаторы.
- Қабжанов Рүстем Хайроллаұлы - "KAZENERGY "Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының Қауымдастығы" ЗТБ-ның атқарушы директоры.
-

Қуандықов Балтабек Мұханұлы - еңбек сіңірген инженер-геолог-мұнайшы. Геология-минералогия ғылымдарының докторы. "Еуразия" ХЭА, америкалық мұнайшы-геологтар қауымдастығының корреспондент-мүшесі, МАМР-дың толық мүшесі.

- Кунгейбаева Раушан Тлектесовна - Жеке-дара атқарушы орган-Бас директор.

 

 

БАЙЛАНЫСТАР МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

Толық атауы:

 «KBTU Endowment» корпоративтік қоры

Қысқаша атауы:

«KBTU Endowment» КҚ

Жұмыс кестесі:

дүйс. — жұма, 9:00-дан  18:00-ге дейін

Мекенжайы:  Қазақстан  Республикасы, 050000,  Алматы қ., Төле би көш., 59.  512-кабинет

Қордың бас директоры – Кунгейбаева Раушан Тлектесовна

Байланыс: + 7 (727) 357 42 14

Электрондық ақша

Төлемді қабылдау бірыңғай Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. интерфейс,  банк карталары  (VISA, MasterCard, Maestro, American Express) арқылы

Банк аударымы

БИК 180740000981

Заңды мекенжайы: Қазақстан   Республикасы,

индекс 050000,  Алматы қ.,  Төле би көш., 59

 "Қазақстан Халық банкі" АҚ

БИК HSBKKZKX

теңгелік есепшот

ИИК KZ376010131000164859

валюталық есепшот

ИИК KZ106010131000164860

Бек 18

Төлемді белгілеу: қайырымдылық, демеушілік көмек көрсету

Call-орталық:  +7 (727) 357 42 42

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Қор бойынша ақпарат (Презентацияны жүктеу)

Қор демеушілері