Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан-Британ техникалық университеті соңғы жылдар бойы білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз агенттіктің рейтингісіне сәйкес үздік техникалық жоғары оқу орны болып келеді. Біз Еуразия өңіріндегі жетекші кәсіпкерлік университеттің бірі болуға ұмтыламыз. Ең басты мақсатымыз – жоғары білікті мамандарды түлете отырып, Қазақстанның ғылыми, өнеркәсіптік және экономикалық дамуына қолдау көрсету.

Техника мен бизнес саласында біз Қазақстан мен әлем арасында, қоғам мен ғылым аясында білім көпірін орнатамыз. Біз үшін бұл биік мәре, бірақ біз мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар және бизнес-құрылымдар сияқты алуан түрлі мүдделі тараптармен жұмыс істей отырып, өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізге сенімдіміз. Біздің мүддеміз өзге де салаларды қамтиды. Сонымен бірге көптеген әлеуетті серіктестермен сұхбат өткізіп, бірлескен зерттеулер жүргіземіз, сарапшылармен алмасамыз. ҚБТУ үшін инновациялық және шығармашылық қатынас басым бағыт болып табылады, сондықтан біздің жобаларымыз өз тұжырымдамалары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді және әртүрлі міндеттерді шешеді.

Бүкіл Орта-Азиялық өңір үшін ғылыми және техникалық инновация орталығына айналу үшін біз сан түрлі салалық өнеркәсіптік кәсіпорындарымен бірлесе оқыту бағдарламаларын жетілдірудеміз. ҚБТУ Консультациялық кеңесі құрамына компаниялардың топ-менеджерлері, ал Өнеркәсіптік комитетке – біздің оқу бағдарламаларымызды сапалы және мейлінше өзекті ететін техникалық сарапшылар кіреді. Бұл қазақстандық, сондай-ақ шетелдік студенттердің білім алуы үшін университетті тартымды етері сөзсіз.

ҚБТУ түлектерінің 98% университетті бітіре салысымен бірден жұмыс табады немесе білімдерін жалғастырады. Олардың кейбіреулері тіпті оқу кезеңінің өзінде-ақ компаниялардан шақыру алады. Атап айтсақ, көптеген түлектеріміз халықаралық жетекші IT және мұнай-газ компанияларында, соның ішінде Силикон алқабында қызмет етеді.

Біз өзіміздің жоғары білікті оқытушыларымызды мақтан тұтамыз, олардың қатарында көрнекті ғалымдар да бар. ҚБТУ заманауи ғылыми зертханаларға ие, онда зерттеушілер мен студенттер инновациялық жобалар бойынша жұмыс істейді.

 

ҚБТУ-дың басым бағытты стратегиясы интерұлттандыру болып табылады. Бізде  University of London, Harvard Business School және өзге де көптеген  әлемдік үздік жоғары оқу орындарымен серіктестік қатынас пен ынтымақтастық жолға қойылған. Сонымен бірге оқытушылар мен студенттер алмасу бағдарламаларына қатысамыз, олардың қатарында Erasmus+ пен Болашақ та бар. Университет шетелдік білім алушылар мен  ғалымдар үшін орын санын ұлғайтуда. Біздің  үлкен де тату ұжымымызға студент немесе зерттеуші ретінде қосылыңыздар!  Бірлесе  көп нәрсеге қол жеткізе аламыз.

ҚБТУ басшылығы атынан акционерімізге, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, серіктес ұйымдарға және студенттерімізге, профессорларымыз бен  қызметкерлерімізге университет дамуындағы қомақты үлесі үшін зор алғыс білдіремін  және  табыс тілеймін!

 

Құрметпен,

ҚБТУ Ректоры  Кенжебек Ибрашев