Құрметті түлек!

ҚБТУ түлектер қауымдастығы сізді қуана қарсы алады.  Біз сізді ең үздік деп санаймыз және Google, Microsoft, Facebook, Twitter, Booking және т.б. сияқты IT саласындағы жетекші әлемдік компанияларда, сондай-ақ ҚазМұнайГаз, ТШО, NCOC, Шлюмберже, Халлибертон, БейкерХьюс, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг, Eni және т. б. сияқты ұлттық және халықаралық мұнай-газ компанияларында жұмыс істейтін  өз түлектерімізді мақтан тұтамыз.

Жылдан жылға біз бүкіл әлем бойынша түлектерімізді өз Alma Mater қызметіне тарта отырып, олармен белсенді жұмыс жүргізудеміз. Серіктес-университеттердің кең желісі мен Қазақстан және шетелдердің барлық ірі компанияларын (ҚБТУ-ның Консультативтік кеңесі арқылы) тарту арқылы біз студенттерге жұмысқа орналасуға қолдау көрсетеміз және өз түлектерімізбен байланысымызды үзбейміз.

Бауырластық пен теңдік ұстанымы – біздің қауымдастықтың негізі тұғыры. Осы арқылы  ҚБТУ мен оның түлектері арасындағы байланыс университетті бітіргеннен кейін үзілмеуі тиіс. Өз Alma Mater-іңнің дамуына қосқан үлесіңнің арқасында университет ішіндегі өмірге әсер ете аласың, оны жақсы жаққа өзгертіп, осы қызмет арқылы өзіңізді жақсарта аласың.

ҚБТУ-да 2018 жылдан бастап ҚБТУ Endowment қоры жұмыс істейді. Endowment қорына жарна еңгізе отырып, дәл сен университеттің және оның студенттерінің жақсаруы мен дамуына ықпал ете аласың.

Біз түлектермен байланыс орнатуға  қуаныштымыз,

Сіздерге, қымбатты түлек, сәттілік және өркендеу  тілейміз!

 

Шұғыл сұрақтар туындаған жағдайда бізбен қашықтан байланысуға  болады:

- email электрондық пошта (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.);

- FB-бет арқылы (https://www.facebook.com/groups/kbtuofficialgroup/);

- Instagram арқылы (@kbtu_official)

- Telegram арқылы t. me / KBTU_graduates

Айбек Баукенов Саматұлы,

+7 747 7790407

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.