Бастапқы бет ҒЫЛЫМ
Технологияны коммерциаландыру кеңсесі

Ғылыми зерттеу жобаларын коммерциялау және ары қарай оларды өндіріске енгізу мақсатында "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-ның қолдауымен 2012 ж. 28 шілдесінен бастап университетте технологияларды коммерциялау офисі жұмыс істей бастады. "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ коммерциялау офисіне әдіснамалық қолдау жасайды, дәлірек айтқанда семинарлар, тренингтер және шет елдерде тағлымнамадан өтуге арналған конкурстар өткізеді. Бұл технологияларды коммерциялау саласында шетелдік тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Технологияларды коммерциялау офисінің (ТКО) негізгі мақсаты университеттің ғылыми-техникалық жобаларын коммерциялау болып табылады.

ТКО-ның негізгі мақсаты:

• коммерциялауға арналған технологияларды іздеу және бағалау;

• маркетингілік зерттеулер;

• технологияларды коммерциялау саласындағы ғалымдарға әдіснамалық қолдау көрсету;

• университет ғалымдарына ақпараттық қолдау көрсету;

• зияткерлік меншікті қорғау саласындағы консультациялық қызмет көрсету;

• технологияларды коммерциялау стратегиясын әзірлеу;

• университеттегі технологияларды коммерциялау идеяларын дәріптеу және ақпараттық қызметтер жүргізу;

• жобалар тұжырымдамаларының негіздемесін әзірлеу бойынша ұйымдастыру жәнемониторинг үдерісі;

• инновациялық жобаларды одан әрі коммерциялау үшін қолдау жасау.

 

"ҚБТУ" АҚ ТКО жұмыстары үшін негіз болатын ғылыми-зерттеу әлеуетіне ие. ҚБТУ құрамына А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты, Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты, Мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты, 13 ғылыми-зерттеу зертханасы кіреді. ҚБТУ-дың ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары: энергетика, мұнай-газ саласы, ақпараттық технологиялар, мұнай-газ инженериясы, материалтану, CALS технологиялар, металлургия, нано технологиялар, химия саласы, геология саласы, экология, мұнай химиясы.

ТКО қатысуымен 2012 ж. сақтау құжаттарын алу үшін 14 өтінім ұсынылды, 2 инновациялық жоба тұжырымдамаларды негіздеуді әзірлеу үшін "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ-дан конкурстан өтті, 2 жоба апробациядан өтіп, өндіріске енгізуге дайындалып жатыр. ТКО-ның тікелей қатысуымен Алматыда 12 сәуірде өткен "Қазақстан-2050 Стратегиясы: Білім - Ғылым - Инновация" форумы аясында 4 дайын жоба коммерциялауға ұсынылды:

• Қойнауқаттың кенжар жанындағы аймағының қышқылдық өңдеу технологиясын компьютерлік модельдеу;

• Ұңғыма перфорациялық аймағының регенерация технологиясы;

• теміржол жылжымалы құрамы бөлшектерінің жауапты торабын оңалтуға арналған жаңа балқытылған қорытпасын әзірлеу;

• Мұнай өндіруді интелектуалды бақылауға арналған өздігінен бейімделетін жүйе технологиясын әзірлеу.

Top