Қош келдіңіз Математика және кибернетика орталығы

Математика және кибернетика ғылыми білім

"ҚБТУ" АҚ Математика және кибернетика ғылыми білім беру орталығы ҚБТУ-дың оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі ретінде 2013 жылы  құрылған. Орталық барлық мамандықтар бойынша МЖБС мен халықаралық стандарттарға, тиісті мамандық талаптарына сәйкес 1 курс студенттерінің білім беру процесін ұйымдастырады. Орталықтың негізгі миссиясы барлық мамандықтар бойынша 1 курс студенттерінің білім беру процесін ұйымдастыру, жүргізу және бақылау; келесі курстарда базалық және бейіндік пәндерді оқуға жоғары дайындықты қамтамасыз ететін қажетті білік-дағдыларды, құзіреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Орталықтың міндеттері:

  • • Студенттердің кәсіби тұрғыда өз мамандықтарын өзі таңдауына жағдай жасау, бұл өз кезегінде тиісті мамандық бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік береді

  • • Маманның рухани-адамгершілік тұлғасын тәрбиелеу

  • • Студенттің өзін-өзі танытуына, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға  жағдай жасау

  • • Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру, болашақ маман даярлау тиімділігін арттыратын білім берудің инновациялық технологияларын пайдалану

  • • Студенттердің өзіндік жұмыстарын жандандыру: типтік және стандартты емес есептерді өз бетінше шешу (жалпы және әр студентке жеке), есептік жұмыстарды орындау, жүргізілген жұмыстарды талқылау және талдау арқылы студенттік аудиторияда баяндамалар мен тұсаукесерлер дайындау

  • • Денсаулықты нығайту және көп жылдар бойы еңбекке қабілеттілікті сақтау үшін студенттердің физикалық дайындығын жетілдіру

  • • Орталықты университеттің бөлімшелер жүйесіне біріктірілген біртұтас оқу-әдістемелік кешен ретінде дамыту, оның аясында орталықтың ғылыми-теориялық, әдістемелік және практикалық әлеуеті жүзеге асырылады

 
Факультет басымдылығы
Қазақстандағы №1 техникалық ЖОО
 
МжКҒББО 2014 жылы Жоғары Математика және Кибернетика кафедрасының негізінде құрылған.
 
60 % оқытушылар құрамы - ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары
 
Факультеті бағдарламасы Оқытушылар құрамы
Олег  Пенкин
Профессор
Талгатбек  Кенжебаев
Көмекші-профессор
Факультет жаңалықтары
РЕСПУБЛИКАНСКАЯ СТУДЕНЧЕСКАЯ ОЛИМПИАДА ПО МАТЕМАТИКЕ: ИТОГИ...
05 сәуір
icon Математика және кибернетика орталығы
ИТОГИ I ЭТАПА РЕСПУБЛИКАНСКОЙ СТУДЕНЧЕСКОЙ ОЛИМПИАДЫ ПО МАТЕМАТИКЕ...
12 наурыз
icon Математика және кибернетика орталығы
КОНКУРС НА РЕШЕНИЕ ЗАДАЧ ОТ ПРОФЕССОРА ДЖУМАДИЛЬДАЕВА: ПЕРВЫЙ ПОБЕДИТЕЛЬ!...
01 наурыз
icon Математика және кибернетика орталығы
Top