Қош келдіңіз Кітапхана
Ғылыми кітапхана

 

ҚБТУ Ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы заманауи университет кітапханаларының бірі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы оқу орындарының кітапханалары қауымдастығының мүшесі. ҚБТУ Ғылыми Кітапханасы университеттің халықаралық ақпараттық кеңістікке кіруіне жағдай жасайды.

Ғылыми кітапхана 2002 жылы құрылды және университеттің оқу жұмысымен ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Ғылыми кітапхана қаланған күнінен бастап оқу орнының ұйымдастыру, мәдени және зияткерлік ортасын қалыптастыруға белсене қатысады, пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді, автоматтандыру, жаңа технологияларды енгізу және электрондық ресурстарға қолжетімділікті жүзеге асырады.

Ғылыми кітапхана құрылымы:

- Кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу секторы;

- Қызмет көрсету секторы (Абонемент, Жалпы оқу залы және мерзімді басылымдар залы, Магистранттар және студенттер үйі оқу залы);

- Электронды ресурстар орталығы;

- Ақпараттық-кітапхана Орталығы.

Ғылыми кітапхана оқулықтарды университет бағдары бойынша 3 тілде толықтырады. ҚБТУ ҒК қорында жаңаша отандық және шетелдік оқулықтар ұсынылған:

- компьютерлік ғылымдар;

- математикалық және компьютерлік модельдеу;

- теңіз техникасы мен технологиясы;

- мұнай және газ;

- геология;

- химия және химиялық технология;

- экономика, қаржы және менеджмент.

Қорды толықтырудың негізгі көзі кітап саудалау ұйымдары, отандық және шетелдік баспалар, мұнайгаз компаниялары, академиялық және салалық ұйымдар, жоғары оқу орындарының баспаханалары.

Кітапхананың барлық үрдістері автоматтандырылған, залдар озық компьютерлік құралдармен жабдықталған. Ғылыми кітапханада университет пайдаланушыларының бәріне қолжетімді Автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе MARK-SQL негізіндегі электрондық каталог жұмыс істейді.

Пайдаланушылардың ақпараттық сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында Ғылыми кітапхананың құрылымы, кадрлық құрамы жетілдіріліп, абонемент пен оқу залының жүйесі өзгертіліп отырады. Ғылыми кітапхана үнемі электрондық ресурстар қорын қалыптастыруды бағдарлай отырып жаңа жұмыс бағыттары мен үлгілерін іздейді.

ҚБТУ Ғылыми кітапханасының міндеттері

Кітапхананың қызмет ету тиімділігі университеттің абыройымен беделіне сәйкес тура байланыста болады.

Басымдылықта:

- жоғары білікті мамандарды дайындауда ғылыми зерттеу және өңдеу жүргізуге, білім беру қызметін орындауға оқу орнына ақпараттық демеу беру;

- пайдаланушыларға әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

- университет студенттерінің шығармашылық, зияткерлік қабілеттіліктерін дамытуға арналған заманауи кітапханалық-ақпараттық орта құру.

ҚБТУ Ғылыми кітапханасының стратегиялық қызметінің бағыты

  1. Білім беру қызметі нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігіне жәрдемдесу;
  2. Пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қордың көлемімен құрамына сәйкес қамтамасыз ету;
  3. Пайдаланушыларға кітапхананың барлық қорларына, әлемдік және отандық ғылыми-білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  4. Пайдаланушылардың барлық санатына қолайлы қызмет көрсетуді жоғарылату;
  5. Кітапхананың кітапханалық технологияларын жетілдіру;
  6. Оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
  7. Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жоғарылату.
СЕМИНАРЫ SPRINGERLINK...
02 сәуір
 
Семинар по Scopus и ScienceDirect...
23 қараша
 
Тренинг по продуктам EBSCO...
03 қазан
 
Біз әлеуметтік желілерде: VK, Facebook
Сұрақ қою
Top