Қош келдіңіз Қазақстан теңіз академиясы

Қазақстан теңіз академиясы 2012 жылы Алматы қаласында Қазақстан- Британтехникалық университеті базасында құрылды. Бұл жобаны құрушы және демеушісі «Теңізшевройл» ЖШС.

ҚТА құру алғышарты тікелей Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуымен байланысты. Мұнай және басқа да өнімдерді Қазақстаннан Каспий арқылы тасымалдау бірнеше жыл бұрын басталған болатын . 1991 ж. еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін барынша ұзақ уақыт мемлекеттің басым жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Каспий өңірін дамыту Қазақстан Республикасының негізгі стратегиялық мақсаттарының қатарына кірді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан Каспий өңірінде және одан тыс жерлерде теңіз мемлекеті болуға күш салуда. Әрі Қазақстан қуатты көлік кешенін жасау бойынша көп күш-жігер жұмсауда, бұл білікті және жақсы білім алған, техникалық қауіпсіздік, сенімділік және қоршаған ортаны қорғау нормаларына сәйкес мемлекеттің көлік кешенін жұмыспен қамтамасыз етуге қажетті дағдылары бар мамандарғаие болумен сабақтас.

Қазақстан теңіз академиясының мақсаты қарапайым: халықаралық деңгейде мойындалған, ҚР және одан тысқары жерлерде тасымалдау саласында көшбасшы, қазіргі таңда және болашақта күрделі мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін командалық құрамдағы біліктілігі жоғары қазақстандық мамандарды дайындау.Қазақстан теңіз академиясын құру бойынша жоба Қазақстан азаматтарын дәстүрлі мұнай-газ секторынан тыс жұмыспен қамтуға бағытталған Үкіметтің мақсаттарын шешуге септігін тиізеді. Қазіргі кеме қатынасы саласы қиын шақтарды басынан өткеруде, өйткені әлем бойынша көптеген тәжірибелі мамандар қызметтен демалысқа кетіп, дәстүрлі және сапалы жаңа дағдыларды меңгерген мамандарға деген сұраныс артуда. Бұл жоба Қазақстанның әлемдегі ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді, себебі Қазақстан теңіз академиясын бітірушілер қазақстандық әрі әлемнің кез келген еліндегі шетелдік кемелерде, халықаралық теңіздер, мұхиттар мен құрлықта да жұмыс істеуге қабілетке иебәсекеге қабілетті және білікті теңізшілердің командасын жасақтайды. Онымен қоса, түлектер кемежасау, кеме жалдау, теңіз құқығы, кемежасауды басқару, кемелерді жөндеу мен техникалық қамтамасыз ету салаларымен қатар электрмен жабдықтау сияқты қосымша салаларда да ауқымы кең кәсіби міндеттерді атқара алады. Қазақстан теңіз академиясын құрудың тағы бір маңызды себебі ҚР«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңның шығуы, 2015 ж. 1 қаңтарына дейін заңға сәйкес қазақстандық тумен жүзіп жүрген кемелердегіаға командалық құрам (капитандар, капитанның аға көмекшісі мен аға механиктер) Қазақстан азаматтарынан тұруы тиіс болатын.Халықаралық теңіз ережелеріне сәйкес Қазақстан теңіз академиясын құру қойылған мақсаттарды орындауды қамтамасыз етуге және қазақстандықтар арасында білікті теңізшілердің жетіспеушілігін біртіндеп жоюға көмегі тимек.

2012 ж. мамырында ҚБТУ Нидерландиялық STC-Group-пен келісімге қол қойылды, онда STC академияны басқару және кадеттерді оқыту үшін Нидерландияның үздік теңіз мамандары қатарынан ПОҚ толық қамтамасыз етуге жауапкершілік алады, әрі теңіз тренажерлері, механикалық шеберханалар сияқты пәнаралық салалар бойынша кеңестер ұсынады және ҚТА курсанттарын тағлымнамадан өткізеді.

Нидерландтық STC-Group –теңіз саласында білім және кеңес беру қызметі нарығындағы көшбасшы болып табылады, Оңтүстік Африка, Оман сұлтандығы, Филиппин, Бразилия және Индонезия сияқты елдерде филиалдары мен өкілдіктері бар.

 
Факультет басымдылығы
Жыл сайын 27 адамға дейін ҚТА-на тегін оқуға түседі.
 
3-оқу жылында 365 күн теңізде өтетін жүзу тәжірибесі - ҚТА-ның оқу бағдарламасының міндетті бөлігі.
 
Халықаралық деңгейдегі теңізшілерді дайындайтын Қазақстандағы 1-ші және жалғыз жоғары оқу орны.
 
Факультеті бағдарламасы Оқытушылар құрамы
Аскар  Дуйсенбиев
Сениор-дәрісші
Бакалавр
Аблай  Лекеров
Сениор-дәрісші
Бакалавр
Ермек  Махмудин
Дәрісші
Бакалавр
Николай  Николькин
Дәрісші
Бакалавр

Факультет жаңалықтары

2018 жылғы ҚТА түлектеріне Оман Сұлтандығында кәсіби теңізші дипломдары берілді
18.08.2018
2018 жылғы талапкерлерге - Қазақстан теңіз академиясына корпоративтік гранттар
06.08.2018
Қазақстан теңіз академиясына қабылдау емтиханы - 2018 жыл!
13.06.2018
Top